Жайдарманшыларға жаңа сарай берілетін болды

12.12.2019, 17:53

17

Елордада «Nur Otan»партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының қолдауымен республикалықJaidarman фестивалі өтті. Жастар жылы, «Nur Otan» партиясымен қазақ КВН-нің 20 жылдығына орайластырылған кешке барлығы 10 командақатысты. Олардың арасында мектеп, колледж командалары, республикалық жоғарылига жеңімпаздары мен ардагер ойыншылардан бөлек, Моңғолия құрамасы да бар.

Тапқыр да таланттыжастардың ойынын тамашалау үшін бұл кешке «Nur Otan» партиясы төрағасыныңбірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен елорда әкімі Алтай Көлгінов келді.

Алдымен жастардыТәуелсіздік күнімен және қазақ КВН-нің 20 жылдығымен құттықтаған БауыржанБайбек жетекші партия тарапынан жастардың барлық бастамаларына қолдаукүшейетінін ерекше атап өтті.

«Қай кезеңде де жастар – жаңалық атаулының жаршысы, елдіңбелсенді де креативті бөлігі. Сондықтан да Елбасы, «Nur Otan» партиясыныңТөрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекегеқабілеттілігінің негізгі факторы» екенін баса көрсетіп, жастарға ұдайықамқорлық танытып келеді. Биылғы жылды арнайы – Жастар жылы деп жариялады. Бұл– «Nur Otan» партиясының да басты басымдықтарының бірі. Президент Қасым-ЖомартТоқаев 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жариялағанын білесіздер. Еріктілерқызметіне өздеріңіздей жастардың қатысу аясын кеңейтуге партияның «Jas Otan»жастар қанаты белсенді атсалысатын болады. «Nur Otan» партиясы – қоғамдық ұйымғана емес, саяси күш. Сондықтан «Nur Otan» партиясының басты мақсаты –азаматтарға әлеуметтік лифтілерді беріп, билікке дарынды, білімді және елінсүйетін жандарды көтеру. Елбасы маслихаттардың 20 пайызын жастар құрауы керекдеген тапсырма берген болатын. Біз партия тарапынан дарынды жастарға болашақтамемлекет өміріне араласуға жол ашамыз», — деді ол өз сөзінде.

Маусымдық қорытындыкеште сөз алған елорда әкімі Алтай Көлгінов Жастар жылы мәресіне жеткенімен,жастарға көрсетілетін қолдау тоқтамайтынын тілге тиек етті. Ол өз сөзініңдәлелі ретінде күрделі жөндеуден өткеннен кейін, келер жылы елордадағы Жастарсарайы жайдарманшыларға берілетінін айтты. Енді мектеп жасындағы жасжеткіншектерден бастап студент жастарға дейін өз өнерлерін ұштап жүргенЖайдарман ойындары осы ғимаратта өтеді.

«Nur Otan» партиясыжанындағы «Jas Otan» ЖҚ қазақ тілді жастардың мәселесін ұтымды әзіл арқылысараптап жеткізетін Жайдарман ойындарына 2014 жылдан бастап қолдау көрсетіпкеледі. Осы жылдар аралығында қазақ жастарының сүйікті алаңына айналғанқазақтілді КВН халықаралық деңгейге жетіп, қазір мұнда алыс-жақын шетелдердіңкомандалары да табысты өнер көрсетіп жүр.

Айта кетейік, «NurOtan» партиясының қолдауымен, осыған дейін ұлттық спорт саласындағы үздіктердіанықтайтын «Алтын тұғыр – 2019» кеші, сондай-ақ, жыршы-термешілердің «JYRAMANAT» концерт-спектаклі өтті. Бұдан өзге, биыл күзде еліміздің бірқатарөңірінде айтыс фестивалдері ұйымдастырылды. Айтыс өнерінің додасы 16-17желтоқсанда Орал қаласында өтетін «Алтын домбыра» республикалық фестиваліндемәресіне жетеді. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының жанындағы «Мирас»республикалық қоғамдық кеңесі мүшелерінің бастамасымен мемлекеттік тілді дамытутетіктерін пысықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын да айта кеткен жөн.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2020, 10:16
"Арзанның сорпасы татымас"

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39