Жайылым жерлер көбейеді

Сайт әкімшілігі

24.02.2021, 11:31

594

Түркістан облысында халықтың пайдаланатын жайылым жердің көлемі 742 мың гектарға немесе 21 пайызға артады. Облыста жайылым жерлерді қайтарудың 5 бағыттық қадамдық алгоритм жобасы әзірленді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен дайындалған алгоритм бойынша жайылым тапшылығы орын алған 152 елді мекендер маңындағы халықтың мұқтажына алынатын учаскелер анықталып, басымдылық берілді. Бұл туралы өңір басшысының төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте айтылды.

Отырыста облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Самат Рамазанов жер саласына қатысты берілген тапсырманың орындалуы туралы баяндады. Бекітілген іс-жоспарға сәйкес, биылдың бірінші жарты жылдығында 66,4 мың гектар екінші жартыжылдықта 63,2 мың гектар, жалпы 130 мың гектарға жуық жайылымдық жерлерді халықтың мұқтажына алу жоспарлануда. Алынатын учаскелер нақтыланып жатыр. Нәтижесінде жыл соңына дейін халықтың пайдаланатын жайылым жерлердің көлемі 742 мың гектарға немесе 21 пайызға артпақ. Жалпы Түркістан облысында 3 миллион 200 мың гектар жайылымдық жер бар.

Жайылым жерлерді елді мекендер шегіне енгізу ауыл округтері әкімдерінің тікелей жауапкершілігіне беріледі. Тұрғындардың басқа да мұқтаждығына қажет болған жерді жергілікті қоғамдық бақылау ұйымдарының келісімі қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар халықты жайылым жермен толық қамтылғанша тұрақты бақылауда болад

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 17:42
Нұр-Сұлтанда жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 13:27
Алматыда Аяжан Еділованың жерлеу рәсімі өтті
Еркежан АРЫН 16.04.2021, 02:13
Ресей - әскери-стратегиялық серіктес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.04.2021, 14:38
Доскейдегі дәруіштің күйін кешкен донор
Мәлік ОТАРБАЕВ 14.04.2021, 16:07
БІЗ КҮТКЕН БАҚЫТ

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24