Жәкішев билікке қажет пе?

25.03.2020, 13:58

5

Сонымен, Мұхтар Жәкішев 11 жыл тар қапаста отырып, бостандыққа шықты. Негізі,14 жылға кесілген еді. Рақымшылық жасалды. Шүкір. «Ол кім еді?» дегенге сәлтоқтала кетсек, Мұхтар Жәкішев – Алматыдағы физмат мектебінің түлегі. Бірнешежоғары оқу орындарында білім алған. Кәсіппен айналысқан, ірі компаниялардақызмет еткен. 1998-2009 жылдар аралығында «Қазатомпром» басшысы болды. Сондажүріп қамауға алынды. 14 жылға сотталды. «Венада (Австрия) «Қазатомөнеркәсіп»компаниясының заңсыз өкілдігін ашу арқылы пайда тапты, астыртын касса ұстады,күзетшісіне қосымша еңбекақы төлеп келген» деген айыптар тағылды. Дегенмен оныңұсталуында «саяси астар бар» деседі. Мүмкін. Жоққа шығаруға болмайды. Мұхтар Жәкішевті «уран өндірісініңгенийі» деп атаған екен. Онда да біздің ел емес, осы саланың әлемдік деңгейдегімамандары. Ол басқарған жылдары «Қазатомпром» әлемдегі нарыққа ықпал ете алатыналпауыт компаниялардың бірі болды.

Тіпті Мұхтар Жәкішевтіңөзі бір мәлімдемесінде компнияны уран өндіру жөнінде 2010 жылы әлемдегі алғашқыорынға шығара алатынын айтыпты. Бәлкім, іскер азамат 2009 жылы қамауғаалынбағанда оны да жүзеге асырар ма еді. Амал қанша, мойнына нақақтан-нақақбірнеше айып тағылып, айдың күні аманда түрмеге тоғытылды. Осылайша билікелдегі уран саласының көсегесін көгертсем деген азаматтың жолын кесті. Көпшілікмұның саяси астары бар десті. Әсіресе бұған Мәскеу араласты, тасада тұрып тасатқандар солар деседі. Мүмкін. Алайда айтқымыз келгені ол емес, басқа. Сонымен,Жәкішев бостандықта. Ұзағынан болғай дейміз, амандығын тілейміз. «Әр қазақ – ме н і ң жалғызым» деген ұстаным бізде де бар. Оның үстіне Мұхтар өз ісініңбілгірі, білікті һәм білімді. Мемлекетке, ұлтқа тигізер пайдасы мол. Демек,алдағы уақытта Жәкішев өзіне келіп (түрмеде үшінші топ мүгедектігін алған)оңалған соң, ел үшін қызметін жалғастырса дейміз. Қолынан іс келетін, уранөндірісінің генийіне Тоқаев билігі шетқақпай танытпас деп ойлаймыз.

КүлтегінБЕК

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34