Жәкішевтің сотына белсенділер мен күмәнді жандар қатар жиналып жатыр

10.09.2019, 12:51

103

Бүгін ШығысҚазақстан облыстық сотында Мұхтар ЖӘКІШЕВТІ мезгілінен бұрын босату туралыөтініші қаралады. Кешкі 16:00-ге белгіленген сотқа Жәкішевті қолдап,Қазақстанның әр түкпірінен адамдар келіп жатыр. Қолына «Бостандық!» деген жазуыбар, Жәкішев және бірнеше саяси тұтқындардың суреттерін ұстаған белсенділероблыстық сот ғимаратының алдында сап түзеп тұр. Бұл туралы «Жас Алаштың» өңірдегітілшісі оқиға орнынан хабарлайды.


— Оның жазығыбиліктің айтқанына көнбегені. Ол билікпен келіспей, өз білімімен ҚазАтомПромдыбірінші орынға шығарған. Дүниежүзі бойынша. Міне, қазір жайдан жай жазасын өтепжатыр. Бұл өзі 5 баланың әкесі. Міне 10 жыл болды 5 бала әкесіз өмір сүріпжатыр. Әйелі жалғыз өзі киіндіріп, асырап отыр. Жалпы біздің билікте намыс жоқ.Мұндай таза жігіттерді отырғызып қою… Сөзім жоқ. Елім, жерім деген жігіттертүрмеде отыр. Міне, бүгін сотына келіп тұрған Мұхтар Жәкішев сияқты білімдіжігіттерді қазақтың игілігіне жұмсаудың орнына түрмеге отырғызып жатыр. Осындайжігіттер билікте отырғанда қазақ халқының тағдыры мүлде басқалай болатын еді.Дамыған 30 елдің қатарына шынымен кіретін еді. Біз 30 қайда, 200-орындамыз депойлаймын, — дейді Семейден келген қолдаушы Орынбасар ЖӘНІБЕКОВ.


Біз жиналғандардан пікіралып тұрғанда Өскемен қалалық ішкі саясат басқармасынан өкілдер келіп,Жәкішевті қолдаушыларға «Сіздер митинг өткізу туралы заңды бұзып тұрсыздар»деп, таратпақ болып еді, жиналғандар шулап, тыңдамай қойды. Ішкі саясатбасқармасынан келгендер амалсыз кетуге мәжбүр болды. Және азаматтық киімменжүрген, күмәнді типтер (құлаққап, микрофон таққан) қаптай бастады. Әзіргебелсенділердің сыртынан қарап, алыстан бақылап тұр. Айта кету керек,ұрансөздердің арасында «Қытай экспансиясына қарсымыз!» деген де жазулар бар.


Естеріңізге салакетейік, Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда сыбайлас жемқорлық қылмысы бойыншаайыпталып, 14 жылға сотталған. Қазір ол жазасын Семей қаласындағы қатаңрежимдегі колонияда өтеп жатыр. Жәкішев саясатпен айналыспағанымен, 2013 жылықазақстандық бірқатар құқық қорғау ұйымдары оны саяси тұтқын деп таныған.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 15:50
Әділет министрлігі 2,1 миллиард доллар көлемінде Қазақстан мүддесін қорғады
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 14:30
Онлайн петиция беру үшін "тыйым салынған" тақырыптар белгілі болды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:36
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30