Жалақыдан жаналқымға дейін

Айжан БҮРКІТБАЕВА

09.12.2020, 12:09

1424

Қазақстанда несие алуға қабілетті 9 млн адам бар болса, 7 млн 200 мыңы банкке қарызбен байланғандар.  Қарыздың жалпы сомасы 3,5 трлн теңгені көрсетеді.

Статистика сандығы елімізде 19 пайыз борышкер қиын жағдай екенін айтады. Несиесін төлей алмаған 1 млн 375 мың адамның есепшоты бұғатталған.

Сондай-ақ, оңай берілетін онлайн несиеден опық жегендер қатары да аз емес. Елімізде «Жалақыға дейін» деген жарнамасын жаңғыртып қоятын микронесие рәсімдейтін шағын ұйымдардың саны 2 мыңдай болса, оның 200 ғана Ұлттық банкке тіркелген. Мұндай ұйымдар, көбіне, кепілдік талап етпейді. Сондықтан, шағын қаржы ұйымдарының табалдырығын тоздыратындар саны азаймай тұр.

Қаржыны қиындықсыз ұсынатын онлайн несиелердің пайызы пайымдауға келмейді. Мысалы, 50 мың теңге ресімделсе, 10 күн ішінде 60 мың теңге етіп қайтарылады. Бұл күніне 2 пайыздық көрсеткішпен беріледі деген сөз. Жылдық мөлшермесесін есептесек, 730 пайызға бір-ақ аспандайды екен. Заңда көрсетілгендей, кез-келген несиенің жылдық мөлшерлемесі 56 пайыздан аспауы керек дегенді ескертсек шағын қаржы ұйымдарының пайыздық үстемесі 13 есе артық екенін аңғарамыз. Бұл бассыздыққа бақылау  мен реттеуші органдардың үнсіз қарап отырғандары таңғалтады.

Бұл туралы заңгер Серік Жұмаділда былай деп пікір білдіреді:

«Шағын несие рәсімдейтін ұйымдардың жарнамасы айқайлап тұратынын жиі кездестіремін. Бұл — халықтың кедейленуінің көрінісі. Кешегі төтенше жағдай кезінде өсімқорлардың, ломбардтар мен букмекерлік кеңселердің жұмысы жандана бастайды. Меніңше, бұл — улы бизнес. Ал несиеге байланысты халықтың қамын жейтін органдар қалың ұйқыда жатыр. Несие рәсімдеушілер болса бақылау кімнің құзырында екенін білмейді да. Қазір ғаламторды ашып қалсаңыз, «Tengo.kz», «Деньги», «Ccolon» «Честное слово», «Kredit 7», «ДоПолучки», «MoneyMan», «AlTenge», «Turbomoney», «Zing» және «Займер» сынды компаниялардан көз сүрінеді. Бұл компаниялар ең бастысы елдің «кредиттік тарихына» мән бермейді. Сондықтан ұрынатындар көп. Онлайн кредит берумен айналысатын компаниялардың әрекетін заңды деу қиын. 5 шілде 2018 жылға дейін олардың заем беру әрекеттері заңсыз болып келді. Себебі, мұндай компаниялар іс жүзінде микрокредит беру қызметімен арнайы рұқсат алмай, заңсыз айналысқан. Осыған байланысты адамдар мен онлайн кредит беретін компаниялар арасында жасалған заем шарттарын сот арқылы жарамсыз деп тануға болатын еді. 5 шілде 2018 жылы Азаматтық кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізіліліп, онлайн кредит беретін компаниялардың әрекеттері заңды болып шыға келді. Бүгінде бізге келген адамдардың құжаттарына қарағанда онлайн кредит беретін компаниялар өз білгендерін істеп отыр. Ал, жаңадан енгізілген 725-1-бабында көзделген шектеулер көбіне сақталып отырған жоқ» — дейді заңгер.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 30.07.2021, 09:00
Ей, енді не істейміз?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15