Жалғанды жалпағынан басқан «Париевтің» көкесі кім?

Сайт әкімшілігі

08.09.2020, 09:57

1863

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың назарына!

    Халқымыздың әлеуметтік ахуалын жақсарту жолындағы мемлекеттік бағдарламаның көмегімен елді мекендерді газдандыру жұмыстары  кезең-кезеңімен қолға алынып келеді. Бірақ Шу ауданында 2012 жылдың желтоқсанында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында басталған «Бұхара–Ташкент–Бішкек–Алматы» халықаралық магистральды газ құбырына жалғанған «Қордай–Шу» жоғары қысымды газ құбырының тұсауын ұлттық телекөпір арқылы сол кезде Н.Назарбаевтың өзі кесіп, сәттілік тілегенімен, «Париев» ЖШС газдандыруға елімізде жоқ аспандаған бағаны белгілеп, жұртшылық наразылығын тудырып келеді. Ресми деректерден анықталғандай, бұл серіктестік мемлекеттік тіркеуден (реестрден) де өтпеген. Ауыл ішіндегі атқарған жұмыстары сапасыз орындалғандықтан, «ҚазТрансГаз» АҚ ЖӨ филиалының тексерісі барысында 163 нүктеден адам өміріне аса қауіпті газ жіберетіні анықталып, 2018-19 жылдары үш жерден жерасты жарылыстары орын алды.

     Соңғы 4-5 жыл көлемінде талай құзырлы орындарға шағымданумен болдық. Облыс әкімдерін айтпағанда, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіне бірнеше мәрте өтініш жазуымызға тура келді. Жуырда Шу ауданының орталығы Төле би ауылының ардагерлері мен аудан әкімі Н.Календеровтің кездесуінде сөз алып, «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» демекші, елімізде жоқ аспандаған бағаны белгілеп отырған «Париев» ЖШС өстіп ойына келгенін істей бере ме дедік. Бұл жерде ауылдық округтің бұрынғы әкімі Е.Даберов кінәлі. 2015 жылы 14 мамырда жердің үстімен болат құбырлармен әр үйге 380 мың теңгеден жүргіземіз деп, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨ филиалынан техникалық шарт алады да, дәл сол 14 мамырда жерасты полиэтилен құбырлармен жүргіземіз, ол қымбатқа түседі деп халықты алдап, кейбір қатыспаған адамдардың орнына қол қойып, екі бірдей жалған хаттама толтырады да, бағаны 40 мың теңгеге дейін қымбаттатып, 420 мың теңгеге көтереді. Аудан орталығындағы 4200 үйді 40 мың теңгеге көбейтсек, 168 миллион теңгеге айналады екен. 2016 жылдың жаңа жылынан материалдар қымбаттады деп, Төле би ауылындағы көшелерге төселмеген D 315 мм құбырлар (әр метрі 19 400 теңгеден) екі еседен аса қымбаттады деп, бағаны 150 мың теңгеге көтеріп, яғни 570 мың теңгеге бір-ақ апарды.

      Осылайша қазіргі «париевтік» баға 503 мың теңге болғанымен, қулықпен келісімшарттан тысқары тұрғындардың төлеуі үшін ГРПШ жәшігіне 65 мың теңге, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ына қосылуға 30-40 мың теңге, сигнализаторға 20-25 мың теңге т.б. қосымша шығындар белгіледі, сонда пешті қосқанда, кей үйлерді газдандыруға жалпы сомасы 1 миллион теңгедей қаражат қажет. Шу қаласы мен Төле би ауылы аралығындағы 8,7 шақырымдық магистральды құбырдың бастапқы үш шақырымына салынатын D 315 мм құбырларды жіңішке құбырлармен айырбастап жібергендіктен, облыстық экономикалық тергеу департаментінің  тергеушілері мемлекет қаржысын жымқыру дерегімен үстілерінен қылмыстық іс қозғап жатыр.

      Мемлекеттік тіркеуден өтпегендіктен, құрылыс жұмыстары технологиялық талапқа сай орындалмағандықтан, 2018 жылы 11 ақпанда  «Жандос» дүкенінің алдында және С.Шәкіров пен Қорағаты көшелерінде үш жерден жерасты жарылыстары орын алып, Төле би ауылындағы үйлер бірнеше тәулік жылусыз қалған күндер де болды. Бұл ретте аудан әкімі Нұржан Календеров қоғамдық комиссия құрып, «Париев» ЖШС-нің 8,7 шақырымдық магистральды құбыр мен  аудан орталығындағы газдандыру жұмыстарын жан-жақты тексеру аса қажет екенін айтқан-ды. Сол кезде магистральды құбыр осы Төле би ауылы мен т.б. көршілес төрт ауылға жалғанғандықтан, қыстың аязды күндері газ қысымының жетіспеушілігі орын алуы әбден мүмкін, сондықтан аудан  орталығындағы көгілдір отынға қосыла алмаған 2600-ден астам үйді іргедегі Абай ауылындағы магистральды құбырға жалғауға көмектессеңіздер екен деп ашық айттым. Аудан әкімі Н.Календеров:   «Облыс әкімімен және энергетика басқармасы басшыларымен т.б. құзырлы орын басшыларымен ақылдасып, осы аудан орталығындағы газдандыру мәселесін шешуге әрекеттеніп жатырмыз. Өйткені ауыл тұрғындарының бес жылда шамамен тек 30 пайызы ғана көгілдір отынға, яғни қымбат бағаға қаражаты барлары ғана қосыла алды. Қалғандары қайтпек? Мектептер мен балабақшаларға да, тіптен осы әкімдік ғимаратына әлі  газ жетпеген», – деп сөзімді қуаттады.

«Үмітсіз – шайтан» демекші, әлі де болса шулықтар жоғарыдан жағымды хабар күтуде. Әй, бірақ, осы уақытқа дейін «париевтіктердің» жалғанды жалпағынан басып, ойларына келгенін істеп отырғандарына қарағанда оларды демеп отырған   билік басында бір  көкелері бар ма деген күмәніміз жоқ емес.

Мәкен УАҚТЕГІ, 

 Журналистер одағының мүшесі,

 Шу ауданының құрметті азаматы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 13:50
Қазақстанға құс тұмауын жабайы құстар әкелген болуы мүмкін
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 11:16
Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 09:34
Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43