Жалғызбасты аналардың құқықтық мәртебесі қашан көтеріледі?

Еркежан АРЫН

08.01.2021, 16:56

1978

Қазақстанда жалғызбасты ананың немесе жалғызбасты әкенің құқықтық мәртебесі жоқ. Яғни, баланы өз бетінше тәрбиелейтін ата-аналардың біріне де ешқандай жеңілдіктер берілмеген. Тек егер аз қамтылған отбасы санатына жататын болса, онда олар қандай-да бір жеңілдіктерге жүгіне алады.

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалғызбасты аналарға арнайы жеңілдіктер қарастырылмаған. Әрбір әйелге бір жасқа дейінгі баланы күту үшін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бұл балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған әйелдерге де қатысты.

Жалғызбасты аналар атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) жүгіне алады. Алайда, бұл көмек отбасының табысы ең төменгі жалақының – 28 284 теңгенің 50%-інен аз болған жағдайда ғана көрсетіледі. Осы төлемге қол жеткізу үшін тағы сол баяғы құжаттар топтамасын, оның ішінде жұмыс орнынан анықтама жинауға тура келеді. Ал бұл – кез келген жұмысқа ешқандай рәсімдеусіз, тек балаларын тамақтандыру үшін келісетін аналар үшін үлкен проблема. Яғни, көптеген жалғызбасты ата-аналар ресми тіркеусіз жұмыстарға тұратыны түсінікті: базарда сауда жасау, еден, ыдыс-аяқ жуу, т.б. Қазақстандағы жалғызбасты ата-аналар басқа арнайы жәрдемақы алмайды.

«Аналарды қолдау орталығының» негізін қалаушы Жұмагүл Тәжібекова:

—  Жалғызбасты аналарға мемлекет тарапынан нақты көмек болмай тұр. Барлық мұқтаждар үшін АӘК уақытша әлеуметтік қолдау қызметі, тұрғын үй көмегі, субсидияланған тұрғын үйге кезекке тұру мүмкіндігі қарастырылған. Жалғызбасты аналар «толық емес отбасылар» санатындағы субсидияланған тұрғын үй алу үшін кезекке тұра алады, бірақ қазір 16 мыңнан астам отбасы Алматы қаласында тұрғын үй кезегінде тіркелген. Оның үстіне бұл әркім пайдалана алмайды: 3 жыл тұрғын үйде тіркеліп тұрауы, 5 жыл баспанасы болмауы керек, — дейді.

Тегтер: әлеуметтік топ қоғам жұмыссыздық жұмыс беруші

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Елеусіз МҰРАТ 03.08.2021, 09:20
Еріккеннің ермегіне айналған әлеуметтік желіге тәртіп керек
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58