Жалпылама әңгіме жан ауыртады

30.06.2020, 07:06

73

     «Жас Алаш»газетінің сайтында 2020 жылдың 11 маусымында «ТарМУ диплом басып шығаруменайналыса ма?» деген ақпарат жарияланған болатын. Міне, сол мақалада айтылғанмәселелерге жауап ретінде аталмыш университеттің ректоры, Қазақстанның еңбексіңірген қайраткері М.Сарыбеков өз жауабын жолдапты. «Жас Алаш» еркін пікіралаңы болғандықтан, сол жауапты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Заң факультетінің алты оқытушысының тоғыз тармақтантұратын шағымдарына жауап беруді жөн көрдім.

Шағымның алғашқыбес тармағы заң факультетінің деканы                        З.Абдукаримованың«заңға қайшы әрекеттеріне» байланысты. Осы оқытушылар былтырғы қазан айындамаған келіп, З.Абдукаримованың басқару стилі мен адамдарға дегенқарым-қатынасына наразылық білдірді. «Сіз Абдукаримованы қызметінен босатыңыз»деген талап қойды. Мен оларға: «Егер деканның жұмысында кемшіліктер болып, заңбұзушылықорын алса, маған жазбаша түрде беріңіздер», – деп ескерттім. Ректордан бөлек,университетте осындай мәселелерді қарайтын құрылымдар (әдептілік кеңесі,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастыратын комиссия) бар. Өкінішке қарай,бұл оқытушыларымыз маған жазбаша түрде шағымдарын бермеді, мен факультетұжымымен өткізген жиналысқа да келмеді. Оның орнына оқытушылар Таразқаласындағы «Комитет по защите гражданских прав» (КЗГП) – «Азаматтық құқықтардықорғау комитеті» (АҚҚК) деген қоғамдық бірлестікке барып, оқу орнының үстіненшағым түсірген. Әлгі бірлестік түрлі қитұрқы фактілерді осы жылдың қаңтарайынан бастап әлеуметтік желілерде жариялай бастады. Бірлестікке бір рет ресми түрдежауап бердім. Осылайша бірлестіктің де әрекетінен түк шықпағаннан кейін заңфакультетінің оқытушылары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастап,бірқатар құзырлы органдарға ашық хат жазып отыр. Ашық хат дегеніміз – барлығыжалпылама сөздер: «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деген мақсатпен жазылған.Өздерін заңгер деп санайтын адамдар кез келген шағым нақты құжаттармендәлелденуі қажет екенін түсіну керек.

Заң факультетінің жұмысын кешенді тексеру мақсатымен бүгіндебілім және ғылым министрлігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментініңбіріккен комиссиясы жұмыс атқаруда. Тексеріс біткеннен кейін «ненің ақ, неніңқара» екені анықталып, жұртшылыққа жариялайтын боламыз.

Ал үндеудің алтыншытармағы профессор Б.Тайторинаның қызметіне байланысты. Бұл мәселені бірнешерет басқа да құзырлы органдар тексерген болатын. Басқа қалада тұрғанымен, Б.Тайторинаконкурстан өтіп, профессор-зерттеуші қызметіне қабылданған, яғни аудиториялықсабақтардан босатылып, магистранттарға және докторанттарға жетекшілік жасайды,шетелдік басылымдарда ғылыми еңбектерді жариялаумен шұғылданады, заңсаласындағы жетекші университеттермен ғылыми байланыстарды дамытуменайналысады. Профессор-зерттеуші деген лауазым Еңбек кодексіне қайшы келмейді.

Үндеудегі жетіншітармақ бойынша шағымданушылардың ауыр тиген тұсы – ректор ретінде мененілік таба алмағаннан кейін қызым Салтанат Сарыбековаға тиісті. Олар шағымдарындақызымды «ТарМУ-дың атынан мақсатты докторантураны оқып, алайда қазіруниверситетте жұмыс істемейді» деп көрсетіпті. Бұл енді таза жала жабу. Рас,қызым Еуразия ұлттық университетінің докторантурасын бітірді, диссертациясынқорғап, PhD доктор атағын алып, қазір гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдарфакультетінде заң психологиясы пәні бойынша дәріс береді. Оны оңай тексеругеболады. Осыны біле тұра, қызыма тіл тигізгендерін түсінбедім.

Тағы бір мәселе (сегізінші тармақ) – биыл пайдалануғаберілетін жатақхана құрылысына қатысты да маған күйе жақты. Шағымданушылардыңсөзіне сүйенсек, мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында «ПИКО» ЖШС-мензаңсыз келісімшартқа отырыппын. Сондай-ақ осы серіктестік мен ректор болғалыуниверситеттің барлық жобасын жеңіп алатын көрінеді. Бұл да өтірік. Біріншіден,университет жатақхананы жекеменшік-серіктестік аясында емес, консорциум жасауарқылы 50/50 төлем негізінде салып жатыр. Екіншіден, мен «ПИКО» ЖШС-ін биылбірінші рет көріп отырмын. Яғни серіктестік мен ректор болғалы университетпенбірінші рет жұмыс істеп отыр. Оны тексере салу да қиын емес. 500 орынға арналған жатақхананы, бұйыртса, желтоқсанайында пайдалануға берсек деп отырмыз. Сондықтан мемлекеттен бір тиын да алмай,бюджеттен тыс қаржыға консорциум жасау арқылы жүргізіліп жатқан құрылысқақуанудың орнына тырнақ астынан кір іздеп, дәлелсіз жала жапқандары санағасыймайды.

Бұдан бөлек, (тоғызыншы тармақ) бізде Түрікменстанмемлекетінің 700-ден астам азаматы оқиды. Міне, осы студенттердің оқутөлемақысына қатысты да құбылмалы доллардың курсын есептей отырып, 20-30пайыздық айырмашылықты, оқу орнының бухгалтериясы артылған ақшаларын қайтармайотыр деп айыптапты. Бірақ мұндай мәселемен бүгінгі күнге дейін бірде-бірстудент келген жоқ.

Енді бұл тұстаерекше айта кетерлігі – мемлекет басшысы мен құзырлы мемлекеттік органдарғажазылған жазбаша арызда алты адамның қолы тұрса, қазір екеуі (А.Газаев,Т.Сәткей) бұл құжатқа қол қоймағандары туралы тексеру комиссиясына қолхатберді. Қазір ол бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бір сөзбен айтқанда,арызданушыларға қатысты да шикілік болып тұр.

Қорыта айтсам,осы оқытушылардың үндеуін мен негізсіз жала жабу деп бағалаймын. Сол арқылы 12мыңға жуық студенті және 2000-нан астам оқытушы мен қызметкерлері баруниверситеттің абыройы мен жоғары оқу орны басшысының ар-намысын төмендетумақсатымен жасалып отыр».




       



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Сайт әкімшілігі 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады
Сайт әкімшілігі 09:24
Бір тәулікте 720 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42