Жамбыл облысы: Отандық БАҚ саясаты

Бифат ЕЛТАЕВА

26.05.2023, 15:00

2151

Елімізде жастарға ерекше көңіл бөлінгендіктен, жастардың білім саласына, жан-жақты дамуына тиімді түрде жұмыстар атқарылып келеді. Соның ішінде Жамбыл облысында жастар саясаты, ерікті жастар мен отандық бұқаралық ақпарат құралдарына аса қатты мән беріліп, тиісті деңгейде жұмыстар атқарылып келеді.

Осы мәселеге қатысты былтыр министрлік тарапынан Жамбыл облыстық бұқаралық ақпарат құралдарына ден қойылған болатын. Сол арқылы жиында жергілікті журналистер тарапынан медиа заңнамаға қатысты мәселелер мен журналист мәртебесі, құқығы, кадр мәселесі, мемлекеттік тапсырыс пен жалпы ақпарат құралдарына қатысты сұрақтар талқыланған еді. Сонымен қатар «Жамбыл» телеарнасының жұмыстары да басты назарға алынған болатын. Ал одан бөлек, қала жастарының волонтерлік қызметпен айналысуы, гранттар мен мемлекет тарапынан берілетін демеуақы алу, стартап жобаларына байланысты жұмыстар кеңінен талқыланып келеді.

Осы орайда Жамбыл облысындағы отандық бұқаралық ақпарат құралының бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау көзделген еді. Яғни жаңалықтар материалдары мен мемлекеттік ақпараттық тапсырыстан қаражат бөлуді алып тастап, сол арқылы әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды жария етуге бағыттау барысында жұмыстар атқарылып келеді. Әсіресе соның ішінде ғаламторда, мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мен бұқаралық ақпарат құралдарында талдамалы контентке назар аударылды.

Ал жаңалықтар материалдарын ғаламтор-ресурстары мен талдамалы контент жасау мен бұқаралық ақпарат құралдарының журналистік зерттеулері, шолу материалдары, сараптамалық мақалалары мен талдамалы контент жасауы негізгі күнтізбеде тұрған жұмыстардың бірі. Осылайша Жамбыл облысында ғаламтор желісіндегі сайттың дамуы азаматтық журналистиканың жаңа түрлерін дамытуға айрықша ықпал етеді. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен желілік платформалар, блогерлердің жұмысы қоғамдық пікірге әсер етері анық.

Бұдан бөлек, өңірде цифрлы дәуірдегі бұқаралық медиаға көңіл бөлу де назардан тыс қалмады. Осы орайда, алдағы уақытта цифрлық дәуірдегі медиаға байланысты интернет ресурстарды дамыту бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына тікелей әсер етеді. Бұл туралы облыстық бұқаралық ақпарат құралдары саласында жүрген ұйымдастырушылар: «Қазіргі сандық медианың дамуы келешекте барлық БАҚ-тың жан-жақты дамуына жақсы әсер етеді. Және осы орайда медиа барлық саланы қамти отырып, кәсіби орталардың қызығушылығын тудыру арқылы қандай да шешімдердің оңынан шешілуіне әсер етеді», – дейді.

Сондай-ақ өңірлік БАҚ ұйымдастырушылары «Медиа саланы қалай дамытамыз?» деген сұраққа болашақта бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәселелерді зерттей отырып, оның шешімін таба отырып, медиа саланы дамытуға болатындығын айтады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 15:31
Геология комитетінің төрағасы елдегі жерасты суының қоры қанша екенін айтты
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 12:57
Министрлер мен әкімдер қазақ тілін білуге міндеттеледі
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 11:40
Прокурор Қайрат Боранбаевқа 6 жыл сұрады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 23:15
Азаттықтың Орталық Азия қызметтері құрылғанына 70 жыл толуына орай медиафорум өтті
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:45
Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің соты басталды
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:03
«Камызяки» КВН командасының Қазақстандағы концерттері өтпейтін болды

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55