Жамбыл облысында бірнеше ауылды су басты

Сайт әкімшілігі

06.02.2023, 08:07

941

Жамбыл облысының үш ауданындағы бірнеше ауылды су басты. Бұл туралы Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды  Жас Алаш  Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Департамент мәліметінше, Т.Рысқұлов, Меркі және Шу  аудандарындағы бірнеше елді мекендерінде аула аумақтарын еріген қар суы басқан. ЖАО және ТЖД күштерімен аула аумақтарынан еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Т. Рысқұлов атындағы аудан бойынша жағдай тұрақты. 60-қа жуық адам, 6 бірлік техника және 4 мотопомпа еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Шу ауданында да осындай жағдай, ол жерде де облыстың ЖАО және ТЖД өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Сарысу ауданында бір аула аумағынан су айдалып жатыр, жағдай бақылауда.

Жамбыл облысы ЖАО және ТЖД бөлімшелері су айдау жұмыстарын дер кезінде жүргізіп жатыр. Т. Рысқұлов атындағы ауданның бірқатар елді мекендеріндегі жұмыс аяқталғаннан соң, күштер мен құралдар кезекшілік атқару және қажетті жұмыстарды жүргізу үшін Жақсылық ауылына жіберілді.

Тегтер: су тасқыны үкімет жоспар жоба

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:59
Алматыдағы тұрғын үйлерде заманауи экопункттер пайда болады
Сайт әкімшілігі 15:47
Мақсат – елдің дамуын үдету
Әділ АҚЫЛБАЙ 15:01
Офицерлердің еңбегі ерен
Б.НҰРМАХАН 13:23
Кітап оқу – мәдениет кілті
Сайт әкімшілігі 09:24
ҚазҰУ – ғылым мен білімнің ордасы
Арайлыи ЕРКЕБАЕВА 09:15
«Дені сау ұлт» жобасы аймақтарға қандай мүмкіндік береді?

Аңдатпа


  • Үкімет кетті, «Халық әртісі» мен Қошанов қайта оралды
    05:37
  • Айтыскер, блогер һәм тренер
    05:34
  • Кәсіптік білім. Диплом тарату – маман дайындау емес
    05:32
  • Жетісайдың «күрескер» әкімі Жыңғылмен күресіп жүр
    29.03.2023, 05:46
  • Нұртай Базарұлы, зейнеткер: Қарағұсованың заңына қарсылық білдіремін
    29.03.2023, 05:44