Жамбыл облысында Қызыл кітапқа енген аңдарды аулаған

Еркежан АРЫН

17.10.2020, 11:32

54

Жамбыл облысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарларға аулауға тырысқан. Оқиға Байзаков ауданында, Есқардың құмды аймағында орын алған. Кезекті рейд кезінде инспекторлар көлік шатырында прожекторды байқағанын айтады. Мұндай құрылғыларды аңшылар жиі пайдаланады. Табиғат қорғаушылары бірден көліктің артынан ілесе бастаған.

Фазендада тексеру жүргізу кезінде екі жануарлардың өлігі табылды. Сараптама олардың қарақұйрық екендігін көрсетті. Браконьерлер етті сойып, дорбаларына салған. Қылмыстық қару жол талғамайтын көлік салонынан табылды.

Жауап алу кезінде аңшылар кінәсін мойындамады. Алдымен олар оның қойдың еті десе, кейіннен етті біреу оларға әдейі салып жіберген деп айтты.

Таңертеңнен бастап тәртіп сақшылары хаттама жасап, күдіктілер қамауға алынды. Тергеу заңсыз аң аулау бабы бойынша жүргізілді және бұл 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Қарақұйрық Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың бірі болып табылады. Ресми деректерге сүйенсек, олардың саны елде шамамен 40 мың дана. Алайда сарапшылар олардың саны 15 мыңға жетпейді деп санайды.

«Егер бұрын бұл жануарлар Каспий теңізінен Зайсан ойпатына дейінгі үздіксіз аралықта болған, яғни республиканың бүкіл оңтүстік жартысы, яғни шөл және шөлейт аймақ. Бүгінгі таңда қарақұйрықтың таралу аймағы үздіксіз емес. Ол бірнеше аймақтарда ғана тұрады. Қызыл кітапқа сол себепті де енгізілген», — деді зоолог, Қазақстанның биоалуантүрлілігі бойынша сарапшы Константин Плахов.

Қарақұйрық, құлан, арқар және басқа да мүйізді жануарлар әрқашан аңшылардың назарында болған. Кейбіреулер мүйіз алу үшін, ал кейбіреулері көңіл көтеру үшін жануарларды аулап, санын азайтуда. Алайда бұл адамдардың екі  түрі де Заңды бұзуда. Ел билігі сирек кездесетін жануарлардың түрлерін браконьерлерден қорғауға ерекше назар аударады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36