Жамбыл облысының мерейтойы жаңа форматта өтті

25.12.2019, 20:44

174

Әуелде, Жамбылоблысының 80 жылдығын атап өту жайлы алғаш әңгіме болғанда жергіліктіатқамінерлер той тойлауды емес, халыққа пайдасы тиетін,тұрмысын жақсартуға бағытталған нысандарды ел игілігіне пайдалануға беруді мақсат еткен еді. Оданбері өтетін күні бірнеше рет өзгеріп, «болғанынан боладысы» қызық болған бұлтойдыжамбылдықтар «Көне Тараз» тарихи – этномәдени кешенінің соңғы кірпішіқаланып, сырты сыланып біткен күннің ертеңінде, яғни желтоқсанның 25-і күні атапөтті. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов бұл той көпшілікті жиып, асішіп, аяқ босату емес, ел-жұртқа берер пайдасы, тағылымы мол, берекелі мерекеболуын қалапты. Сонымен бұл ленталар қиылып, тұсаулар кесілген күн болды.

Жамбыл облысының 80 жылдығы Жамбыл облыстық қазақдрама театрының негізін қалаған, халық әртісі Асқар Тоқпановтың ескерткішініңашылуынан бастау алды. Ескерткіштің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген АсанәліӘшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Есмұхан Обаевтар тұлға туралы естеліктері ментағылымды ойларын ортаға салып, А.Тоқпанов ескерткішінің облыстық театр алдынанашылып отырғаны орынды шешім болғанын айтты.

Әулиеаталықтар той қарсаңында Тоқпановпен қатар «ЕкіКенен тумайды, Алатауға ексеңде» деп жырлаған Кенен Әзірбаевқа да құрметкөрсетіп, «Баласағұн» орталық концерт залының алдына ескерткішін қойды.

Қос ескерткіштің ашылу рәсімінен соң жұртшылық«Әуендер әлеміне», «Даңқты спортшылар» алаңын аралап көріп, «Тектұрмас»этнотарихи кешенінің салтанатты ашылуын тамашалады. Мұнда бабалар рухына құранбағыштап, тағзым етілген соң академик Мәмбет Қойгелдиев Тараздың тарихиболмысын айшықтап тұрған кешеннің маңыздылығын атап өтті.

Талас өзенінің жоғарғы жағалауындағы «Тектұрмас»тауының беткейіндегі осынау тарихи кешен ендігі уақытта Тараз өңіріндегіортағасырлық түркі елдерінің қасиетті мекенін көрсететін, түркі тарихынан сыршертетін тарихнама ретінде әрі демалыс орны негізінде халқымыздың руханижан-дүниесін байытып, туризмді дамытуға серпін бермек.

Түс ауа айтулы күнді атап өтуге жиналған жұртшылық «КөнеТараз» тарихи – этномәденикешенінде болып, мұндағы жаңадан пайдалануға берілгелі отырған «Облыстықөлкетану музейі», «Көркемсурет галлереясы», «Сағат стелласы» және «Руханиятжәне тарихтану орталығымен» танысты. Салтанатты жиын амфитеатрдатеатрландырылған көріністі тамашалауға ұласып, одан соң Жамбыл облысының тарихымен жеткен жетістіктері туралы бейнефильм, «Тараз мұралары» атты 80 жылдыққаарналған 80 томдық кітаптың тұсаукесері өтті. Өз кезегінде өңірдіңөсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтарда марапатталып, мәз-мейрам болыптарқасты.

Осылайша, Жамбылоблысының 80 жылдығы аста-төк той-думанмен емес, айтулы датаға орай 80-ненастам нысанның ел игілігіне берілуімен ел есінде қалатын болды. Бәлкім, жаңаформатта той-тойлау дегеніміз осы болар.

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58