Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын

Нұрболат ӘЛДИБЕК

08.06.2023, 09:37

3045

Шудан тағы шу шықты. Жамбыл облысы Шу қаласының тұрғыны өзін жергілікті алты тергеуші жабылып ұрып, төрт жерінен пышақтағанын айтады. Пышақ жарақатымен ауруханада жатқан ол «Полицейлер қылмыстың ізін жасырудың амал-әрекетін жасап жатыр» деп, еліміздің Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрінің назарына үндеу жолдады.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, даудың басы дәмханадан басталған. Жәбірленушінің көлік прокуратурасында істейтін ағасы мен полицейлер ерегісіп, арты төбелеске ұласқан. Інісіне көмекке келген жәбірленуші полиция қызметкерлері төрт жерімнен пышақтады дейді.

Бұл іс бойынша Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын айтты. «Қазіргі уақытта Жамбыл облыстық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу әррекеттерін жүргізуде» дейді. 

Жалпы, өркениетті елдерде «полиция біздің қорғанымыз» деп шен таққандарға құрметпен қарайды, қошемет көрсетеді. Біздің елде ше? Полицияның төбесі көрінсе, «пәлесінен аулақ» деп қырық қадам алыс жүруді қалайтындар көп. Біздің полицейлер неге халықтың сеніміне ие емес?

Әсілінде, жолы кесілмеген, жазаны сезінбеген адамның одан да сорақы қитұрқылықтар жасайтынын басқа-басқа шен таққандар жақсы білсе керек.

Бұл ретте Шудағы прокурор мен полицейлердің салған сойқаны жергілікті шенділердің әбден дандайсып, шегіне жеткендерін көрсетіп берді. Халқымызда «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген сөз бар. Соңғы уақытта «құмалақтың» тым көбейіп кеткенін аңғарамыз.

Дәмханада прокурор мен полиция қызметкерлерінің нендей «дәмді» нәрсені бөлісе алмағанын тергеу орындары анықтай жатар. «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіредінің» керін келтірген олар лайықты жазасын ала ма, оны енді уақыттың еншісіне қалдырамыз. Бір анығы – бұл жағдай шулық шенділердің бір-бірімен араздасып, бірін-бірі мойындамай, беттерімен кеткендерінің айқын көрінісі болса керек-ті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 15:31
Геология комитетінің төрағасы елдегі жерасты суының қоры қанша екенін айтты
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 12:57
Министрлер мен әкімдер қазақ тілін білуге міндеттеледі
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 11:40
Прокурор Қайрат Боранбаевқа 6 жыл сұрады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 23:15
Азаттықтың Орталық Азия қызметтері құрылғанына 70 жыл толуына орай медиафорум өтті
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:45
Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің соты басталды
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:03
«Камызяки» КВН командасының Қазақстандағы концерттері өтпейтін болды

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55