Жамбылда екі жасар бүлдіршін бассейнге батып кетті

18.07.2019, 00:39

56

Ми қайнатар шілденің шіліңгірі басталғалы тұрғындар жаппай өздеріне жақын маңдағы өзен-көлдерге, бассейндерге қарай тұра жүгірсе, аптап ыстықта қапырықтан құтылудың жолын іздеген енді біреулер Қытайда жасалған үрленбелі бассейндерді сатып алып, ауласында бала-шағасымен асыр салып түсіп жүр. 
Алайда абайламасаңыз «ажал аяқ астында» деген емес пе, «шомылу маусымы басталғалы елімізде сақтық шараларына селқос қараудың себебінен күніне 10-ға жуық тұрғын суға батып немесе тұншығып қайтыс болады» дейді мамандар. Бұл ретте Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Қордай ауданында екі жасар бүлдіршіннің ауладағы үрленбелі бассейндегі суға тұншығып, аудандық ауруханада қайтыс болғаны жайлы хабарлады. «15 шілде күні сағат 19:10-да Қордай ауданы Жамбыл ауылы Мәдениет көшесі, 9 мекенжайындағы тұрғын үйде үрленбелі бассейнде 2017 жылы туған қыз бала ата-анасының қарауынсыз қалып, суға батқан. Кішкентай қыз 16 шілде күні сағат 07:00-де Қордай аудандық орталық ауруханасында көз жұмды» делінген аталған хабарламада.

Жалпы, Жамбылда жылдан-жылға шомылу маусымында ажалы судан болғандардың саны күрт көбейіп тұр. Мәселен, өткен жылы 30 отбасыға қара су қайғы әкелсе, олардың 21-і мектеп жасындағы балалар екен. «Жылда жаз шыққалы өңірімізде тұрғындарға он мыңдаған жадынама таратылады. Шомылу аймақтарының барлығына ескерту белгілері қойылған. Мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Телеарналар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Соған қарамастан, бақылаусыз бассейн жағалап, суға түсетін балалар азаймай отыр. Өткен жылы шомылу маусымы басталған күннен шілденің 15-іне дейінгі аралықта 10 адам (оның төртеуі бала) өзен-көлдерге, бассейндерге тұншығып қайтыс болса, биыл осы уақыт аралығында 16 адамның (оның 10-ы бала) ажалы қара судан болып отыр. Қазіргі шілденің шыжғырып тұрған ауа райында елдің бәрі бассейн, өзен-көл жағалап жүргені белгілі. Бірақ сондай жерлерде ішімдік ішу, балаларды бетімен жіберіп, көзінен таса қылмай қарап отырудың орнына салғырттық танытқан ата-аналардың кесірінен осындай қайғылы жағдайлар күрт көбейіп отыр. Айталық, кешегі Қордайдағы ауласындағы үрлемелі бассейнге екі жасар бүлдіршінді қараусыз қалдырып кетіп, арты орны толмас өкінішке соқтырды. Сондықтан ата-аналарға шомылуға барғанда, үй ауласындағы бассейндерде де сақтық шарасына баса көңіл бөлулерін сұраймыз», – дейді Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметкері Аида Құдайқұлқызы. 


Фото:24.kz




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 12:31
"Спутник V"-ны қандай жағдайда сақтықпен қолдану керектігі айтылды
Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 12:20
«100 нақты шара». Nur Otan жастарға қандай қолдау көрсетеді?
Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 10:02
Абайлаңыздар, Алматы қызыл аймаққа енді
Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 09:39
Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың саны артты
Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді

Аңдатпа


  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32