Жамбылдық шенділер Хан Кене ескерткішіне қатысты пікір білдірді

20.09.2018, 05:03

3

Жамбыл облысының шенеуніктері Меркі ауданындағы Кенесары хан ескерткішіне қатысты өңірдегі Жас Алаш тілшісіне пікір білдірді. Осыдан екі апта бұрын Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Жамбыл ауылынан өтетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралінің бойында Кенесары ханға ескерткіш орнатылған еді. Бюджеттің емес еріктілердің қаражатына  орнатылған ханның тас мүсіні алынып тасталады деген ақпарат кеше 18 қыркүйек күні facebook.com әлеуметтік желісінде жазылған еді.«Кенесары ханға арнап орнатылған ескерткіштің Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы №371 бұйрығына сәйкес орнатылмағандығы анықталды. Сонымен қатар, ескерткіш Меркі ауданы, Жамбыл ауылдық округінің ауылшаруашылық теліміне жататын жерге орнатылған және ескерткішті орнату үшін тиісті құжаттар (ескерткішті орнату үшін  мемлекеттік АКТ, жерге орналастыру жобасы, аудандық және облыстық  мәдени және тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссиясының қорытындысы, ескерткішке Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің авторлық құқық алынбаған) жинақталмаған. Сондықтан, бұл жұмыстарды ұйымдастырып жүрген азаматтарға Заң талаптарын сақтай отырып жұмыс жүргізу қажеттілігі ескертілді. Сонымен бірге, Кенесары хан бір рудың немесе бір ғана өңірдің тұлғасы емес, ол күллі қазақ жұртына ортақ тұлға, ұлт мактанышы. Сондықтан да, мұндай тұлғаларға қойылатын ескерткіштерге терең мән беріліп, тұлғаның биік абыройына лайықты шешім кабылдануы кажет деп есептейміз», — деп жауап берді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Марат ҚАСЫМ.   Мәдениеттанушы Нұрлан ӘМРЕҚҰЛОВ өз постында бұл қазаққа қарсы жасалып жатқан саясат деп сынаған еді. Сондай-ақ, Ескерткіштің қиратылуы мүмкіндігін де жазған. Ресми жауапта түсінгеніміз жергілікті билік әзірге соңғы ханымыздың тас мүсінін сүрейін деп отырған жоқ сияқты.Фото: facebook.comМАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34