Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Сайт әкімшілігі

02.08.2021, 12:04

888

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылы қашықтан оқу форматында болатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, «білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан басталатынын айтты» деген ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған.

«Бұл ақпарат жалған. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитария дәрігері және өңірлердің бас санитария дәрігерлері қабылдайды», — деді БҒМ өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындыққа қатысты ұсыныстар әзірлеген болатын.

Тегтер: білім онлайн оқу офлайн оқу қаулы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?
Батыр ЖАСҰЛАН 22.09.2021, 12:00
Заң астарындағы «жасырынған жоба»

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39