«Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция басталды

17.09.2018, 19:00

47

«Ұлы Дала Еліне саяхат» экспедициясы «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша басталды. Бұл ірі жобаны қортындылайтын сапар болып табылады. Бұл туралы Жас Алаш сайты хабарлайды. «Ұлы Дала Еліне саяхат» экспедициясы бүгін 17 қыркүйек күні Алматы қаласынан бастау алды. Экспедицияға қатысушылар 13 күннің ішінде Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында 3000 шағырым жерді аралайды.Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Kazakh Tourism»Ұлттық компаниясы ұйымдастырып отыр. «Жаңа Жібек жолы» бағытындағы экспедицияны «QazaqGeography» іске асырады.Экспедиция құрамында — тәжірбиелі саяхатшылар, туристтік мекемелердің өкілдері, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер және «Ресей National Geographic» командасы бар.«Ұлы дала еліне саяхат» алты туристтік кластерді қамтитын Қазақстан өңірлеріне жасалатын ең ауқымды экспедиция. Оның мақсаты — тарихи, табиғи, қасиетті нысандарды зерттеп, жаңа туристтік бағыттарды  және ішкі туризм мен инфраструктураны дамыту. Сондай-ақ, туған жерді тану.Бұнымен қоса, экспедициядағы материалдар Қазақстанды танымал ету үшін, ішкі туризмді серпілту үшін пайдалынылады. Нәтижесінде жаңа туристтік бағыттар анықталып, жолсілтемелер фото, видео арқылы жасалынады. Ол жолсілтемеде табиғаттың тамаша жерлері мен түрлі ақпараттар болады.Алматыдан шыққан экспедиция қазақ-қытай шекарасын бетке алып, Жаркент пен Хоргоста аялдайды. Одан әрі Саты ауылын бетке алады. Ол жер солтүстік Тянь-Шаньның «інжу-маржаны» болып есептеледі.[caption id=«attachment_17697» align=«alignnone» width=«1280»]Фото: youtube.com[/caption]Сатыдан жолсыз жолмен бірнеше шақырым өткен соң биік таудың қуысында орналасқан «Көлсай» мен «Қайыңды» көлдерін көруге болады. Теңіз деңгейінен 1867 биіктікте орналасқан бұл көлдердің сұлулығы көрген жанды тамсандырады. 1911 жылы жел сінкінісінен табиғаттың өзі осы бір тамаша көлдерді адам баласына сыйға тартты деуге болады. «Көлсай» көлінде ханбалық сынды өзгеше балықтар бар.[caption id=«attachment_17693» align=«alignnone» width=«1024»]Фото: sky-service.kz[/caption]Одан әрі экспедицияға шыққан топ «Шарын» табиғи паркіне ат шалдырып, Темірлік, Бестамақ, каньондары тамашалайды. Келесі бағыт «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық саябағы. Онда саяхатшыларды Ақтау тауы мен 700 жасаған ағаш қарсы алады. Айғайқұм мен Шоқан УӘЛИХАНОВТЫҢ тұмасын көріп, Талхиз қалашығы арқылы алтыншы күні Алматыға оралады. Алатау бауырындағы қалада саяхатшылар «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлаққа» шығып, Үлкен Алматы көліне кеп жетеді.[caption id=«attachment_17698» align=«alignnone» width=«1200»]Фото: wikipedia.org[/caption]Келесі бағыт —  Жетісудың ең көне ескірткіштері бар Тамғалы шатқалы. 2004 жылдан бері шатқал ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдение мұрасы болып есептеледі. Өткен ғасырдың ортасында Тамғалы шатқалының тастағы суреттері археолог Анна МАКСИМОВАНЫҢ жетекшілігімен ашылған. Шатқал Алматы қаласынан солтүстік-батысына қарай 170 шақырым, Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.[caption id=«attachment_17699» align=«alignnone» width=«1155»]Фото: titus.kz[/caption]Тамғалыдан кейін Жамбыл облысныдағы «Ақыртас» кешеніне сапар шегіледі. Тараз қаласынан 45 шақырым жердегі «Ақыртас» Қазақстандағы 100 сакральды нысанның тізіміне енген. Археологиялық және табиғи ескерткіштерге бай. Ал облыс орталығында экспедиция мүшелері «Қарахан», «Айша-бибі» мазарлары мен «Ежелгі Тараз» архелогиялық орталығымен танысады.Талас тауының солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстан мен Орталық Азиядағы дағы көне қорық — Ақсу-Жабағылы саяхатшыларды сұлулығымен баурап алары сөзсіз. Қорық Жамбыл мен Түркістан облыстарының территориясында орналасқан.Сайрам-Өгем Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі келесі аялдама. Саябақ Батыс Тянь-Шаньтау жоталарындағы құнды табиғат байлықтарын қорғап қалу, қалпына келтіру және республикадағы экологиялық туризмді дамыту үшін құрылған. Бұл жерде экспедиция 2350 метірлік биіктіктегі «Сайрамсу» көлін көре алады.[caption id=«attachment_17702» align=«alignnone» width=«1200»]Фото: saryagash-viptour.kz[/caption]Түркістан облысы археологиялық және тарихи ескерткіштерге бай мекен. Отарар мен сауран қалалары, Арыстан-Баб, Қожа-Ахмет Яссауи кесенесімен көптеген тарихи нысандар келген жандардың қызығушылығын оятатыны анық.Шығыс пен Батысты жалғаған Ұлы Жібек жолы сауда-саттық, мәдение байланыс үшін үлген роль атқарған.«Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы Үкіметтің шешімімен 2017 жылдың шілде айында құрылған. Оның қызметінің мақсаты —  табиғатты аялау және кіші отанның әсемдігі, көрнекті орындары, дәстүрлері мен ұлттық рухани киелі орындары туралы білім бере отырып, Отанға деген патриоттық сезімін және сүйіспеншілігін арттыру арқылы ішкі туризмді дамыту.QazaqGeography бес бағыт бойынша жұмыс жасайды: география, климат, қоршаған орта, табиғи ресурстар, биоалуантүрлілік, туризм, саяхат, өлкетану, тарихи-мәдени мұра, этнография. Бүгінгі күні Қазақстанда 11өкілдігі ашылған.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:20
Kaspi банкке шабуыл жасағандар ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:15
Коронавирустың жаңа симптомы аталды
Сайт әкімшілігі 09:19
Коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді
Айжан БҮРКІТБАЕВА 29.10.2020, 11:03
Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
Мариям МАҚСАТ 29.10.2020, 10:59
Ауылдықтар ауызсуға жарымай отыр
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 29.10.2020, 10:39
Жолдың жыры келер жылы тамам болмақ

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04