28.12.2020, 09:26
1722
Қазгидромет синоптиктері Жаңа жылда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.
Желтоқсанның соңғы аптасына арналған ауа райы болжамына сәйкес 2020 жылдың 25 желтоқсанынан 31 желтоқсанына дейін Қазақстанның солтүстік және шығыс бөліктерінде ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Оның себебі — Солтүстік антициклон.
Батыста аптаның бірінші жартысында жауын-шашын (көп жағдайда қар) күтіледі, жел күшейеді. Кей жерде тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -7-20 градус, оңтүстікте 0,-5-тен -15-28 градусқа дейін ауытқиды.
Желтоқсанның соңғы аптасында солтүстік-батыста қар жауады, жел күшейеді, тұман түседі. Ауа температурасының ауытқуы — түнде -10-15-тен -25-35 градусқа дейін, күндіз 0,-10-нан -15-25 градусқа дейін.
Солтүстікте қар жауады, жел күшейеді, тұман түседі. Ауа температурасының ауытқуы — түнде -10-15-тен -35-45 градусқа дейін, күндіз 0,-10-нан -25-35 градусқа дейін.
Республиканың орталығында қар жауады, жел күшейеді, тұман түседі. Ауа температурасының ауытқуы — түнде -15-25-тен -35-45 градусқа дейін, күндіз -5-15-тен -25-35 градусқа дейін.
Шығыста қар жауып, боран соғады, жел күшейеді, тұман түседі. Ауа температурасының ауытқуы түнде -10-25-тен -37-45 градусқа дейін, күндіз -7-15-тен -25-35 градусқа дейін.
Оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі және көктайғақ күтіледі. Кей жерде тұман түседі. Ауа температурасының ауытқуы түнде 0,-17-ден -10-22 градусқа дейін, күндіз +2+ 7, солтүстікте -3-8-ден -2-7 градусқа дейін.
Оңтүстік-шығыста қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі. Ауа температурасының ауытқуы түнде -4-28-ден -10-35-ке дейін, күндіз 0,-20-дан -5-25 градусқа дейін.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР