08.10.2019, 08:54
158
Қарағанды облысында Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары Бауыржан СЕРІКОВКЕ қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.
«Қарағанды облысыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған Жаңаарқа ауданы әкімінің біріншіорынбасары – жер комиссиясының төрағасы Б.Қ. Серіковке қатысты сотқа дейінгітергеуді аяқтады. Ол жеке тұлғалардың пайдалануына жатпайтынқосымша жер учаскесін жалға беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін азаматтан 200мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген. Ағымдағы жылдың 7қазанында Жаңаарқа аудандық сотының үкімімен Б.Қ. Серіков пара алғаны үшінкінәлі деп танылып, оған 6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды» — деп хабарла таратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, сот экс-шенеунікті мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпенайналысуына мүлдем тыйым салды.
2019 жылдың 20 мамыр күні президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ төрағалығыменжемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде жиын өткен еді. Сонда мемлекетбасшысы жемқорлық бойынша қол астындағықызметкерлердің қылмыстық әрекеті үшін бірінші басшылардың жауапты болатынынайтқан. Яғни отставкаға кетуі тиіс.
Жуырда ғана астанадан ауысып келген Қарағанды облысының жаңа басшысы ЖеңісҚАСЫМБЕК Тоқаевтың тапсырмасын жақсы біледі. Сонымен Жаңаарқа ауданының әкіміЮржан БЕКҚОЖИН отставкаға арыз жаза ма? Әлде бәрі әдеттегіндей сөз жүзінде қалама?
Фото: kelisim.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР