Жаңалықта саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті

31.05.2019, 20:59

92

Бүгін  Алматы облысына қарасты Жаңалық ауылында сталиндік саяиқуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті. Оған құрбан болғандардыңұрпақтары, тарихшылар, қоғам қайраткерлері мен облыс басшылары қатысты.

Шара ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен басталды. Көпшілікқауым жазықсыз мерт болған жандардың рухына тағзып етіп, құран оқылды.

«31 мамыр саясиқуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 16 жылдан бері аталып өтіп жатыр. Бірақатқарылған жұмыс пен атқарылатын жұмыстың арасы жер мен көктей. 10 саусақтыалсақ соның 1 саусағындай ғана жұмыс атқардық. Әлі атқарылмаған, үйілген үштоғыз жұмыс бар. Мәселен, осы жердің өзі бүкіл қасіретіміздің айнасындай қылыпбезендірілуі керек. Тіптен, кіреберістегі тасты қараңыздаршы, сонда жазыпқойыпты «осы жерде жерленген» дейді. Жерленген ешкім жоқ бұл жерде. «Осы жерде мәңгітыныштық тапқан» деу керек одан да. Ақиқатты, зәрезапты өзінің атымен атаукерек. Мына жанымызда тұрған музейді енді әлемдік деңгейге көтеру керек», — деді тарихшы Хангелді ӘБЖАНОВ.

Бұдан бөлек митингте қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарыда сөз алды. Көрнектімемлекет қайрат­кері Мұхамеджан ТЫНЫШБАЕВТЫҢ ұлы Дәулет ТЫНЫШБАЕВ әкесінен ертеайырылған жылдарын, өмірінің қиындыққа толы кезеңдерін еске алды.

Мұхамеджан Тынышбаевтың тағы бір ұрпағы Нұршәкен ЖҮНІСҚЫЗЫ жиында сөз сөйлеп, Алаш қайраткрелеріндәріптеу мен советтік зұлмат жылдардағы тарихты жаңа қырынан ашу бағытындағы Алматыоблысының жұмысына ризашылығын білдірді. Және Алматы облысы әкімініңорынбасарлары Ақан ӘБДУӘЛИЕВ пен Ләззат ТҰРЛАШОВТЫ арнайы төсбелгіменмарапаттады.

Жиналғандар Саяси қуғын-сүргін музейін аралады.

Фото автордікі.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 13:45
Қаражат жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 12:00
Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 10:07
Батпаққа батқан Алғабас тұрғындары әкімдіктен көмек сұрайды (видео)
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 09:49
Үлкен Алматы маңында ағаштар неге кесіліп жатыр?!

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51