Жаңаөзенде оқ атылғанда Тазабеков қайда болды?

07.10.2019, 07:58

90

Жаңаөзенде жазықсыз мұнайшыларға оқ атып, ресми түрде 16 адамды, Шетпеде 1адамды полиция мерт қылғанда Мұхамеджан ТАЗАБЕКОВТЫҢ «пәтуасы» қайдаболыпты? Құранда «1 адамның қанын төксең бүкіл адамзатты қырып салғанмен бірдей» деген қағиданы неге биліктің есіне салмады сонда?
Ал күні кеше Астанада бір үйдің бес бүлдіршіні өртеніп, ата-анасы, онымен біргебүкіл қазақ жұрты қайғы жұтқанда тазабековтер қайда қалды?
Жоқшылықтың тауқыметіне ұшырап, қарызға батып, үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүргенотбасылардың проблемасы көтеріліп, биліктің алдына мәселе қойылғанда жаңағы«данышпандар» неге көрінбеді?
Көпбалалы аналар зар жылап, баспанамыз жоқ, қаланың әр бұрышында сенделіпжүрміз деп әлеуметтік әділдік сұрағын қойғанда «жамбастан тебуге шақырғыштар»неге үнсіз қалады?
Мұхамеджан Тазабековке айтарым: егер әділдік, ашықтық десеңіз, ол мәселені еңбірінші мына биліктің өзіне қойыңыз! Кеше сіз қайрап отырған полицияқызметкерлерінің қолында автомат та, шоқпар да, бронежилет те, арнайықұралдардың бәрі бар. Олар үнемі жаттығудан өтіп, күштерін сынап отырады. Алкөшеге шығып, әділдік талап еткен азаматтың қайсысы полицияға қарсы күшқолданыпты? Қай полиция қызметкерінің басы жарылып, көзі шығыпты? Дұрыс,ешқайсысының! Себебі, көшеге шыққандардың барлығы да бейбіт түрде әділеттіліктіталап еткен саналы азаматтар! Олардың қолын қайырып, күш қолданып,ұрып-соғатындай, олар қылмыскер емес! Өз елінде, өз жерінде отырған халықтың өзпікірін ашық айтуға неге құқығы жоқ? Толық құқығы бар! Сондықтан, Тазабековмырза, сіз құдайдың атын жамылып, халыққа қарсы сөз айтпаңыз! Полиция қызметкерлерінөз халқына қарсы қойып, күш қолдануға үгіттеу — барып тұрған күнә, қылмыс!
Ресей билігі Украина жеріне барып, Донбасс пен Луганскіде соғысқа қатысыпжатқан жалдамалы жауынгерлер мен сарбаздарға өздерінің діни қызметкерлеріарқылы бата беріп, қайрап отырады. Тіпті зымырандарына дейін «қасиетті» суларыншашып, дұғаларын оқытады. Тазабековтерге де билік дәл осыны істеткендей әсерқалдырады. «Ұрыңдар, соғыңдар, аямаңдар!» дегізіп отыр ашықтан ашық. Ал ертеңосындайлардың уағызын тыңдап, ешкімді аямаймын деген қызметкер біреуді опатетсе, оның обалы кімде?
Полицияның алдына шығып, «халыққа қарсы күш қолданудың керегі жоқ. Олар дасендер сияқты азаматтар. Қайта тіл табысып, талаптарын орындап, әділетсіздіктіжеңу керек» десе, нағыз мұсылманның, құдай жолындағы адамның сөзі сол болареді. Әлі де кеш емес. Халықтың алдына шығып, кешірім сұрасын!

Фото: tengrinews.kz

Жазбаавтордың рұсатымен жарияланды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.02.2021, 21:54
Түркістанда бір отбасыда бес адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 16:19
Байбек: Депутаттарымыздың қоғамдық рейтингі енгізіледі
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 26.02.2021, 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51