Жаңаөзенде қоқыс тазартылмай жатыр

22.11.2019, 06:33

93

Жаңаөзенде 14-15қараша күндері қала тазалығына жауап беретін «Тазалық» ЖШСмекемесінің жұмысшылары ереуілге шықты. 2018 жылдың сәуір айынан бері зейнетақықорына ақша аударылмай, 50 мың теңге жалақысын уақытылы ала алмай отырғанжұмысшылар қала әкімдігінің алдына жиналған. Қызметкерлердің шағымын тыңдауүшін қала әкімінің орынбасары Ғалым БАЙЖАНОВ пен Берік ІЗҒАЛИЕВ шығып,мекеменің иесі саналатын «Глобал Строй и К» ЖШС өкілі Азамат САТЫБАЛДИНДІшақыртыпты. Мекеме өкілі түске дейін жұмысшылардың жалақысын аудартқаныменереуіл басыла қоймады. Қала әкімдігінің маңына полицейлер жолатпаған соң,мекеме алдына жиналған жұмысшылар зейнетақы қорына түсуі тиіс қаржысынсұратқан. Ал мекеме өкілі Азамат Сатыбалдин сұхбат алғысы келген журналистергедөрекілік көрсеткенін тілші Мұратбай ҰЛЫҚПАН айтып отыр.

«Зейнеткерлікке шығуыма 3 ай қалды. Зейнетақы қорыма біржарым жылдан бері ақша түспеген. Қашан аударасыңдар десем, келесі жылдың шілдеайында дейді. Сонда мен бұлардың құр уәделеріне сеніп, зейнетке шықпай күтіпжүруім керек пе? Тек жалынғанды қалайды бұл басшылар», — дейді мекемедегітрактор жүргізушісі Жұмахан ОРЫНХАНОВ.

Одан бөлек,жалақысын ала алмаған 225 көше сыпырушы бұрынғы «Тазалық» МКК 4-5мекемеге бөлініп, басшылар бір-біріне сілтейтінін айтып отыр. Олар бұл жағдайға«Тазалық» МКК бұрынғы басшысы Бағдат ТҰРЛЫБЕКТІ кінәлайды.

«2011 жылғы оқиғадан бері «Тазалық» мекемесіқаланың гүлденуіне айтарлықтай үлес қосты. Шешілмей қалған мәселелер бары рас.Жұмысшыларға 155 млн.теңге қарыз болып қалдық. Қазір барлық мәселені«Тазалықты» жекешелендіріп алған «Глобал Строй и К» ЖШСқарайды. Соның басшылары жауап беруі тиіс», — деп мекеменің бұрынғы басшысыөзге басшыларға сілтеп отыр.

Қала тазалығынажауап беретін қызметкерлер жұмысқа шықпай отыр. Қала тазартылмаған соң әраулада қоқыс толып қалған. Бір күннен кейін көше сыпырушылар жұмысқа қайташыққанымен, жүргізушер мен жүкшілер талабымыз орындалмайынша істемейміз депайтқан. Амалы таусылған мекеме басқа қызметті жасауы тиіс жұмысшыларға көлікайдатып қойған.

Фотоларды автор ұсынды


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:15
Алматыда сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:52
Прокурор 10 жылға соттамақ болған Шкарупа ақталып шықты
Сайт әкімшілігі 10:34
Карантин күшейді, Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 09:02
«Сенім кредиті» таусылған Көлгінов отставкаға кете ме?
Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 14:20
ҰҚК есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағым жақтастарын ұстады
Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 09:56
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Аңдатпа


  • Карантин күшейді, Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
    10:34
  • «Жас Алаш» – қазақтың сөз киесін арқалаған қасиетті шаңырағы
    09:17
  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    27.01.2021, 09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23