Жаңаөзендіктер Тоқаевтан жауап күтіп отыр

03.09.2019, 15:00

48

Жаңаөзенде кешелі бері наразылық танытып жатқандар енді президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТАН кепілдеме сұрап отыр. «Қытайдың 55 зауытына» қарсы шыққандардың бетін бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай ТҰРЫМОВ қайтара алмаған еді. 

«Жас Алаш» тілшісінің сұрақтарына телефон арқылы жауап берген  жаңаөзендік белсенділер облыс әкімі Серікбай Тұрымовтың сөзіне көңілдері толмағанын айтты.  

«Біз не үшін алаңға шықтық? Қытайдың 55 зауытын елге кіргізуге қарсымыз. Оларсыз да өмір сүргенбіз. Тұрымов (Маңғыстау облысының әкімі — Авт.) келіп кетті. Ойымызды айттық.  Бізге ол «Қытай зауыттары кірмейді» деп кетті. Бірақ, бізге Тоқаевтың өзі жауап берсін. Қытайдың зауыттары кірмейтін болса, мөр басып хат жазып жіберсін. Теледидардан шығып айтсын. Өзінен жауап келмейінше біз орнымыздан қозғалмаймыз», – дейді өзін Жаңаөзен қаласының тұрғыны Мұратбай СЫМАҒАЛИЕВ деп таныстырған азамат. 


Белсендінің айтуынша, қазір Жаңаөзен қаласы әкімдігінің алаңында 200-300 адам отыр. Олардың біразы «ӨзенМұнайГаз» АҚ мұнайшылары. Қалғандары қарапайым қала тұрғындары. Саяси партиялар немесе қоғамдық ұйымдар атынан сөйлеп жатқан ешкім жоқ. Осылайша наразылық білдіруге заң талабымен әкімдіктен арнайы рұқсат та сұрамаған. «Сұрасақ та бермес еді» дейді. Сондай-ақ, «заңсыз жиналдыңдар» деп оларға прокуратура немесе полиция қызметкерлері ескерту жасап, қысым көрсетпеген. 

"Қазір дамыған елдер көп. Ал неге бізге солар келмейді? Неге Қытай? Осы жағын түсінбеймін. Қытайдан қауіп бар екенін біледі.  Халықтың талабымен билік санасуы керек. Бұл облыс деңгейінде  шешілмейтін зат.  Сондықтан, мемлекет басшысынан жауап күтеміз,"– дейді жаңаөзендік тұрғын Нұрлыбек НҰРҒАЛИЕВ.

Наразылық танытып жатқандар Тоқаевтан Қазақстан мен Қытай саясатына қатысты толымды жауап естімей, алған беттерінен қайтпайтындарын айтады. Жаңаөзендік топтың бұл талаптарына президенттің қалай жауап берері әзірге белгісіз. Бір анығы, 11-12 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға  ресми сапары жоспарланған.  
Ашық ақпарат деректеріне қарағанда Қытайдың Қазақстандағы 55 ірі жобасының 15-і өз жұмысын бастап кеткен. Бұдан басқа 11 нысан биыл пайдалануға берілмек. 

Сарапшылардың пікірінше, Қытай Қазақстанды шикізат көзі, сауда нарығы және транзит аймағы ретінде пайдаланып келеді.  Қытайдың Қазақстанға былтыр берген кредит көлемі – екі миллиард 62 миллион юань. Нұр-Сұлтанның Қытайға қарызы 12 миллиард доллардан асады.


Фотоны автор ұсынды

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:12
Әкімнің бірінші орынбасары сотталып жатыр
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 13:02
COVID-19: Қазақстанда вакцинациялау 2021 жылы басталады
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 04.12.2020, 12:13
Қытайдың шірімейтін азық-түлігі ағзамызды ірітіп жүрмесін
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 09:35
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
Бифат ЕЛТАЕВА 04.12.2020, 09:24
«Денсаулық министрлігі халықтың денсаулығын емес, дәрі сатуды ойлап отыр»

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11