Жаңарған ҚазҰУ

Бифат ЕЛТАЕВА

19.10.2021, 11:16

565

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев журналистермен кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Университет басшысы журналистерге алдымен ҚазҰУ қалашығын көрсетіп, күрделі жөндеуден өткен оқу ғимараттары мен жатақханаларды, мәдениәлеумет тік нысандардың барлығын жеке-жеке таныстырып, жөндеу жұмыстарының қандай нәтиже бергенін көрсетті.

К ү р д е л і ж ө н д е у д е н өткен оқу ғимараттары мен мәдени-әлеумет тік нысандар заманға сай жабдықталып, бұрынғыдан жарық әрі кеңи түскен. Одан бөлек, оқу орнында студенттерге медицина саласы мен құжаттамаларға қатысты қызмет көрсету орталықтары да ашылған. Бұл студенттердің жан-жаққа сабылмай, оқу орнында жүріп, керек қызметін оңай алуына жасалынған жағдай болып отыр. Университет басшысының айтуынша, соңғы студенттік жатақханалар 1991 жылы салынып, пайдалануға берілген. Содан бері жатақханалар мен оқу ғимараттары тозып, күрделі жұмыстар жүргізілмегенін айтады. Сондай-ақ инженерлік жүйелер мен коммуникациялар ескіріп, апаттық жағдайға жеткендіктен, биыл күрделі жұмысты бастап кеткендіктерін де тілге тиек етті. Жалпы, жеті оқу ғимараты мен 14 жатақхананың күрделі жөндеу жұмысына небары жарты жыл уақыт кеткен. Университет аумағындағы қоғамда дау тудырған бос жерлердің де мәселесі шешілгендей. Бұл мәселе өзіміздің «Жас Алаш» г а з е т і н д е д е б і р н е ш е рет көтерілген болатын. Осыған қатысты Жансейіт Қансейітұлы бос жатқан жерлерге 9 қабатты 12 студенттік және қызметтік жатақхана салынатынын айтады. «Ол жердегі электр стансасын басқа жерге көшіріп, орнына жаңа ғимараттар салуды жоспарлап отырмыз. Ал қалған бос жерлерге аллея салынады», – дейді. Сондай-ақ жатақханалар салуды білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығымен бірлесе отырып, инвесторлар тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын да тілге тиек етті. Кездесу барысында университет ректоры кампусты жаңғырту жұмыстарынан бөлек, оқу орнының бағдарламасына да тоқталып өтті. Тағы бір айта кетерлік жайт, университет басшысы өз сөзінде жоғары оқу орнында оқытушыларды материалдық жағынан ынталандыруға айрықша көңіл бөлгенін айтып өтті. Оның сөзінше, биыл оқытушылардың жалақысы екі рет көтерілген. «Бұрын ең төменгі санат т а ғ ы оқытушылар 170 мың теңге айлық алған болса, қазір бұл көрсеткіш 285 мыңға өсті. Ал аға оқытушыларға – 312 мың, қауымдастырылған профессорға 389 мың теңге көлемінде жалақы белгіленді. Ең жоғары айлық – 500 мың теңге профессорлардың еншісінде», – дейді Жансейіт Түймебаев. Кездесу соңында Жансейіт Қансейітұлы оқу орнының даму бағдарламасы мен алдағы уақытқа жоспарланған кампусты жаңғырту мәселелеріне байланысты журналистер сұрақтарына жауап берді. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:43
Ақмола облысында ауыл тұрғыны көлікке оқ жаудырды
Әділ АҚЫЛБАЙ 09:13
Қазақтардың түсіне де кірмейтін заң
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 14:40
Мұғалімдердің жалақысы қысқара ма, БҒМ пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 12:35
Тоқаев: Финтех саласындағы аймақтық көшбасшы Kaspi.kz капитал нарығы динамикасын арттыруда
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 11:07
«Іле-Алатау» ұлттық табиғи паркінің басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды – заңгер
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 09:12
Коронавирус жұқтырғандардың саны 900 мыңнан асты

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14