«Жаназаны он метр жерде тұрып оқыдық». Вирустан көз жұмған марқұмның келіні мен имамның айтқаны

29.03.2020, 15:42

8

<p style=«color:#1F2124;font-family:Skolar-Light-Cyrillic, Georgia, » font-size:18px;background-color:#ffffff;"=""> Ақмолаоблысындағы Қосшы ауылында коронавирустан қайтыс болған 64 жастағы РайкүлӘкімжанды өзі тұратын ауылдың маңындағы зиратқа қойды. Оның бала-шағасыоқшауланған. Ал марқұмның жаназасын шығарған имам “мәйітті өртеу туралы сөзболмағанын” айтады. <p style=«color:#1F2124;font-family:Skolar-Light-Cyrillic, Georgia, » font-size:18px;background-color:#ffffff;"="">Ақмола облысыныңЦелиноград ауданы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны Райкүл Әкімжанныңкоронавирустан көз жұмған алғашқы адам екенін Қазақстан билігі 26 наурыздажария етті. Марқұмның келіні Жанар Чаканова “көп нәрсе айтқысы келетінін, бірақөзінен ақпаратты жария етпеу туралы қолхат алғандықтан амалсыз тілі байлаулыекенін” айтады.

— Ақпаратты таратпаутуралы қағаз толтырдық. Бәрін бүге-шегесіне дейін айтқым келеді. Аурудың алдыналмағандарына қапалымын. Біз әлі «шок» жағдайдамыз. Тіпті ештеңе айтаалар емеспін, — деді ол.

Ақмола облысы әкімдігініңмәлімдеуінше, коронавирустан қайтыс болған Райкүл Әкімжан Алматы қаласынақұдалыққа барып, одан соң Жамбыл облысы Шу ауданында қонақта болған. КейінҚосшыға қайтып келген. Ол 13-17 наурыз аралығындағы сапарын пойызбен жүрген. 22наурыздан бастап денсаулығы нашарлап, қызуы көтерілген. Ақмола облысыәкімдігінің мәліметінше, оның жағдайы 25 наурызда күрт нашарлап кешкісінНұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан 2 облыстық көпсалалы ауруханасынажеткізілген. Ал 26 наурызда таңертең ауруханада көз жұмған. Оның коронавирустанкөз жұмғаны 26 наурыз кешкісін ғана белгілі болған.

Жанар Чаканова да енесініңАлматыға құдалыққа барғанын растап, бұл сапар карантин мен коронавирустың Қазақстандатарағанына дейін жоспарланғанын айтады.

— Енем 13 наурыздаАлматыға кетті. Кейін карантин жарияланған соң біз де уайымдап бірден пойызғабилет алдық, ол 19 наурызда үйге келді. Бірнеше рет жедел жәрдем шақырдық. 23күні аудандық емханаға қаралуға бардық. Олар "өкпесі сау" деп,антибиотик беріп шығарып салды. Оны салдық, асқынып кетті. Рентгенге түсірутуралы ұсыныс та жасамады. "Өкпесі таза, рентгенге түсіріп не керек"деді. Бірінші жолы анализ алып «коронавирустан таза» деді, екіншімәрте алып «коронавирус анықталды» деді. Қайсысына сенеріміздібілмейміз, — дейді Жанар Чаканова.

Жанар Чаканова енесіанасындай болып кеткенін, күйеуі оның жалғыз ұлы екенін айтады. Чаканованыңсөзінше, енесі бұрын ауырмаған, укол да алмаған. Ал денсаулық сақтауминистрлігі Райкүл Әкімжанның пневмонияға шалдыққанын, қант диабетіменауырғанын мәлімдеген.

Райкүл Әкімжан қайтысболған соң әлеуметтік желіде видео тарап, онда марқұмның ұлымын деген ер адам«Алматыдан құдалыққа келді. 22 наурызда жедел жәрдем шақырдық. Олар 23наурызда емханаға барыңыздар деді. Дәрігерге барғанымызда укол, инголяция жазыпберіп, үйге қайтарды. Температура түспеді. 24 наурызда жедел жәрдем қайташақырдық. Олар келіп, жүрегін тексеріп, “жатыңыз, жүрегіңіз жақсы, өлмейсіз”деп кетті. Бес сағатта тіпті жағдайы нашарлап кетті. 25 наурыз таңертең үшіншірет жедел жәрдем шақырдық. Сол кезде дәрігер ауруханаға алып кетті. 26 наурыздадәрігер маған анықтама беріп жатып, “Коронавируспен ауырмаған. Пневоманияданқайтыс болды. Жерлей беріңіздер” деді. Мәйітханадан алып мәйітін алып кеттік.26 наурыз кешкі бесте хабарласып, коронавирус табылғанын айтты» дейді.

Азаттық бұл видеоныңнақтылығын тексере алмады.

Қазір марқұмның үйіқоршалып, онымен байланыста болған жақындары және #2 облыстық көпсалалыаурухана қызметкерлері де оқшауланған.

«МӘЙІТТІ ӨРТЕУ ТУРАЛЫӘҢГІМЕ БОЛҒАН ЖОҚ»

Марқұмның жаназасыншығарған Қосшы ауылы мешітінің бас имамы Ыбырай қажы Қазанғапов мәйітті ақтықсапарға арнайы киім киген медициналық қызметкерлердің дайындағанын айтады.

— Біз дәрігерлерге шариғатқа байланысты қалай жуу керектігіне нұсқаулық беріптұрдық. Олар бәрін жуып, ақ матасына орап, толық дайындап берді. Қабірәдеттегіден тереңірек қазылды. Өртеу туралы әңгіме болған жоқ. Сол жердідезинфиция жасады. Қабір басына әкімдіктен адамдар келді. Жаназасын он метржерде тұрып оқыдық, — деді ол Азаттыққа.

Ақпарат және қоғамдық дамуминистрі Дәурен Абаев 27 наурыз күні түстен кейін коронавирустан қайтысболғандарды жерлеу ережесі туралы бас санитарлық дәрігердің қаулысы шығатынынхабарлады. Оның айтуынша, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бұғанбайланысты арнайы пәтуа, Православ шіркеуінің өкілдері нұсқаулық шығарған.

Азаттық радиосы



<p style=«color:#1F2124;font-family:Skolar-Light-Cyrillic, Georgia, » font-size:18px;background-color:#ffffff;"="">
<p style=«color:#1F2124;font-family:Skolar-Light-Cyrillic, Georgia, » font-size:18px;background-color:#ffffff;"="">
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58