29.06.2019, 19:33
175
29 маусым күні күндізәлеуметтік желілерде «Атырау облысы Теңіз жұмысшылар ауылындағытөбелес» атты видео тараған. Видеоға жұмысшылар киімін киген адамдар менжай киімдегі адамдар арасындағы төбелес түсіп қалған. Бұған қоса Теңізжұмысшылар ауылында мыңдаған жұмысшының ереуілге шыққаны жайлы ақпарат тарап,видео жарияланды.
Атырау облыстықәкімдігінің баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты түсінік берді. Баспасөзқызметінің ақпаратына қарағанда, Теңіз вахталық қалашағындағы жұмысшылардыңнаразылығына Ливия азаматының Whatsapp желісіне қойған суреті түрткі болған.
«29 маусым 2019 жылы, сағат 11:00 шамасында „Теңіз“вахталық қалашығында (Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 км, Атырау қаласынан340 км) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore(CСЕР)» компаниясы жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы EliDaoud-тің жақында «Whatsapp» желісіне қойған суретіне наразылықтарын білдірген.Суретте Eli Daoud қолына рация құралын ұстап тұр, рация антеннасы қызға қарайбағытталған», – делінген Атырау облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқиға орнына аудан прокуроры, құзырлыорган басшылары барған. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, полиция департаменті менҰҚКД басшылығы және облыс прокуроры жұмысшылармен кездесуге ұшып кеткен.
Фото: tengrinews.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР