Жақсылық Омар, жасыл шырша және басқалар

12.12.2019, 12:31

66

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық ОМАРДЫҢ«жарнамасы» тағы да жер жарды. Бұған дейін қаладағы көп балалы аналардыЖанболат МАМАЙҒА қарсы «шабуылға шақырып», алайда артынша онысының рас-өтірігінашық айтудан жалтарған қала әкімі күні кеше ғана қала басқармаларына жаңабасшылар тағайындағанын айтып, әлеуметтік желіден жарқ етті. Яғни, Өскеменқалалық Мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметіне ақынҚалқаман САРИНДІ, білім бөлімінің басшысы қызметіне Ақерке АБЫЛАЙХАНДЫотырғызып, жаңа қызметтеріне сәттілік тілеп, бірге түскен фотосы көз тартыпшыға келді.

Әрине, Өскемен әкімінің қаланың қай бөлімінекімді қоятынына таласымыз жоқ. Бұған дейін «көп балалы аналар дауында» не өзікөрінбеген, не сөзі естілмегендіктен, әйтеуір аман-есен екенін білдік. Алайда,артынша қала әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Серік ЖЕҢІСОВТІҢқызметінен кеткені расталды. Жақсылық Омардың орынбасары болып 8 ай шамасындағана қызмет атқарған Жеңісовтің әзірге жаңа лауазымы белгісіз. Бірақ, қалаәкімінің баспасөз хатшысы Әлібек ТҰРСЫМБЕТОВТІҢ айтқанындай, бұл орынбасардыңкетуіне «әйелдер интригасының» қатысы жоқ.

Ал, қазір Өскемен шенеуніктері қауырт қимылүстінде. Иек астынан көрініп, кеп қалған Тәуелсіздік мерекесі мен Жаңа жылғаәзірлікті қатар алып, мұрындарынан шаншылған жайы бар. Дегенмен, қалатұрғындарының көбіне түсініксіз көрінгені Жақсылық Омардың орынбасары Тамара РАХИМЖАНОВАНЫҢБАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында Жаңа жылға әзірліктінасихаттағаны болды. Бұл туралы «Жас алаш» тілшісі Алтай-ньюссайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ж. Омардың орынбасары Т. Рахимжанованыңмәлімдегеніндей, жаңа жыл қарсаңында әдемі безендірілгенғимараттар анықталып, үздігі марапатталатыны белгілі болып отыр. Қызығы сол,журналистер тарапынан Тәуелсіздік күніне орай өтетін шаралар туралы сұрағынажауап бергісі келмеген сыңай танытқан. «Мен тек жаңа жыл бойынша айтамын» деп жауап берді. Содан кейін өзініңорынына «өзге сұрақтарға жауап беретін» әкімдіктің баспасөз қызметшісі ӘлібекТұрсымбетовті қалдырып, залдан асығыс шығып кетті» деп хабарлайды «Алтай-ньюс»тілшісі.

Осыған орай, қала әкімінің баспасөз хатшысыӘлібек Тұрсымбетовке хабарласқанымызда, Жаңа жылдық шыршаның 17-желтоқсан күніжағылатынын білдік.

-Тәуелсіздіккүнгі шаралардың бәрін 16-ынан қалдырмай өткізетін боламыз. Ал, 17-і күніОрталық алаңда пластик материалдан құрастырылған жасанды шыршаның шамыжағылады. Бұл өткен жылы сатып алынған. Бағасы аса қымбат емес. Есесіне, табиғижаңа, тірі шыршаны кесіп, қоршаған ортаға зиян тигізбейміз. Бұл шырша жеті-сегізжылға шыдайтындықтан, алдағы жылдары да қолдана беретін боламыз,-дейді қалаәкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов.  

 

 

 

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 01.12.2020, 18:22
Ерте некенің ертеңі күмәнді
Бифат ЕЛТАЕВА 01.12.2020, 18:18
"Қара жұма" атауы: бұл кімдердің тықпалап отырған идеясы?
Сайт әкімшілігі 01.12.2020, 10:45
Бір тәулікте 689 адам коронавирус жұқтырды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.11.2020, 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар

Аңдатпа


  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    01.12.2020, 10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26