Жақсылық жасауға жүрексінетін болдық

Бифат ЕЛТАЕВА

12.11.2020, 15:48

1056

«Бұны заманның талабы дейміз бе, адамның пейілі өзгерген дейміз бе», – қалай ойласақ та уақыт емшісі зыр айналып қатігездікке үйретіп жатқандай. Кейінгі кездері көп байқайтыным, жақсылық жасаудың өзі не үшін жамандыққа бой алдыруда. Бұлай деуге себеп  көп. Тарқатып жазар болсақ, біріншіден, үлкен қарттарымызға қолындағы дорбасын діттеген жері болмаса да, жолдың арғы бетіне өткізіп беруге қарсы болып, шошына қарайды. Оның да қорқуының жөні бар. Кейбір бұзақы жастарымыз көшеде қауқарсыз қарттың қолындағысын тартып алып, итеріп кететіндері аз емес.  Былтыр ғана ардагер атайды үйінің ауласында соққыға жығып кеткен жігіттің әрекеті көпшілігімізді шошытып еді. Осындай жағдайлардан кейін қарттарымыз жастардың көмегінен бас тартып келеді.

Тағы мынадай қызықты жайтқа таңғалғаным бар. Бірде үйде отырғанымызда бөлем есіктен түрі сұрланып кіріп келді. Түріне үрпиісе қарап, мән-жайды сұрай бастадық. Баяндауынша, оқиға былай болған көрінеді. Бөлеміз жұмыстан қайтып бара жатқан уақытында, бір жолаушы көлігін тоқтатып: «Ағасының ауыр халде жатқанын, үйінен асығыс шығып әмиянын ұмыт қалдырғанын айтып, тегін апарып тастауын өтінеді. Ақкөңіл бөлеміз оңай келісіп, ақысыз қалаған жеріне апарып тастайды. «Бүгін бір рет болса да жақсылық жасадым» деп масайрап келе жатып, үйдегі жарына келе жатқанын ескертпек болады. Бірақ, хабарласайын десе, ұялы телефоны ұшты-күйлі жоқ. 150 мыңға несиеге алған ұялы телефоны іші-бауырын әп-сәтте күйдіріп жібереді. Сөйтсее, көлігіне тегін мінген жолаушысы қымқырып кеткен көрінеді.  Осы оқиғаны айтып, бөлеміз «енді жақсылық жасасам қолым сынсын» деп басын ұстап отырып қалды.

Ия, жақсылық жасап, артынша опық жеу кім-кімді өкіндірері анық. Тағы бір жайтқа тоқталсақ, кішкентайынан бірге өскен екі құрбы несие алмақ болады. Бір құрбысы екінші құрбысына кепілгер болмаса, өзін опасыз адамдай сезінеді. Сонымен, бірінші құрбысы несие алып, екінші құрбысы кепілгер болып тарқасады.Уақыт өте, несие алған келіншек ақшасын төлемей қашып кетеді. Аяғында кепілгер келіншек опық жеп, алаяқ құрбысының шығындарын өтеп жүр. Мұндай жағдайлардан соң, алыстағы адам түгілі жақын адамға жақсылық жасаудың өзі қорқынышты болып келеді.

Бұндай ірілі-ұсақты мысалдарды тізе берсек көп. Жақсылықтың соңы жамандықпен аяқталуының соңы адамдардың бір-біріне сенімін азайтып барады. Тіптен, жеті шелпек таратуға да именетін болдық. Аулада ойнап жүрген балаларға шелпек таратсаң, қасындағы бала күтушілері немесе аналары баласының қолын қағып, ала қашады. Оның да жөні бар дейсің. Өзіміз де кішкене сіңілдерімізге «бөтен адамның қолынан ештеңе алма» деп үйретіп жүреміз ғой. 

Тағы бір жағдай, осы жазда ғана кішкене балалар түгілі ересек адамдардың жоғалуы көбейіп кетті. Жоғалған адам табылғанның өзін де мәйіті ғана шығатын болды. Содан әлеуметтік желілерде құлаққағыс пен хабарландырулар да жиілеп шыға бастады. Бірде ұялы телефоныма  мынадай хабарлама келді. «Көшеде қолында мекенжайы жазылған кішкене балақай көрсеңіз, ол баланы үйіне апармаңыз. Бұл террористердің әрекеті. Егер сіз баланы апарған жағдайда, өзіңіздің жоғалып кетуіңізге кепіл жоқ» делінген. Сол хабарламадан соң, көшеде жалғыз адасып жүрген баладан да қашатын болдық.

Жақсылық жасау арқылы жамандыққа ұрынатын жағдайлар аз емес. Бұл мақала арқылы жақсылық жасамайық, мейірімсіз болайық демеймін. «Сақтансаң құдай сақтайды» демекші, тек арам пиғылды адамдардың жымысқы әрекетінен сақ болайықшы. Әр жауыздық әрекеттен соң бір-бірімізге деген сеніміміздің жоғалмауын тілеймін.

Тегтер: жақсылық жамандық сенімқоғам адам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36