Жақыпова «жалған ғалым» ба?

16.09.2019, 14:16

63

Еліміздің білім және ғылым министрлігіндегіайқай-шу тіптен өрши түскендей… Дүйсенбі күні аталмыш министрліктегідепартамент басшысы Анар ҚАЙЫРБЕКОВА «Білім және ғылым министрінің орынбасарыФ.ЖАҚЫПОВА өзінің докторлық диссертациясын толығымен дерлік көшіріп алған»деген мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол Facebook парақшасына жазды. «Жас АЛАШ» осыған қатысты пікір сұрағанда Қайырбекова министрдің орынбасарын плагиаттық жасады деп айыптап, Жақыпованы «жалғанғалым» деп атады.


Ф.Жақыпова 2009 жылдың қараша айында әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университетінде «Экономикалық теория» мамандығы бойыншаэкономика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған екен.Қайырбекованың бұл мәлімдемесі қаншалықты рас-өтірігі алдағы уақытта анықталар,бірақ, ол министр орынбасарының еңбегін арнайы бағдарлама арқылы тексергенкөрінеді.

«Жақыпованың диссертациялық еңбегін «Антиплагиат»(https//users.antiplagiat.ru) бағдарламасы арқылы тексеру нәтижесінде менкөптеген көшіріп алу әрекеттерін анықтадым, — дейді бұл жөнінде Анар Қайырбекованың өзі. — Нақтырақ айтар болсақ,ғылыми еңбектің көптеген бөлігінде ол басқа адамдардың еңбегін сілтемесіз көшіргенжәне дереккөздерді көрсетпеген, мұның бәрі әрине, плагиаттық әрекетке жатады.258 беттік диссертацияның жартысынан астамы ресейлік және қазақстандықавторлардың еңбектерінен алынған. Тіпті, 20-дан астам ресейлік жәнеқазақстандық авторлардың еңбектерін толығымен, сөзбе-сөз, әріп-әрпіменкөшірген. Яғни, Жақыпова бөтен адамның еңбегін өз атынан жариялап отыр».  


Осылайша «Антиплагиат» бағдарламасы Ф.Жақыпованың258 беттік диссертациясының 40,22 пайызы ғана өз еңбегі екенін айғақтапты.Сонда қалған 52,62 пайызы басқалардан көшірілген деген сөз. Яғни, ғылымиеңбектің жартысынан астамы Я.Сергиенко, Д.Папин, И.Галиулин, В.Мигунов, А.Быков,Б.Воронцов, Л.Смольникова және басқа да авторлардың еңбектерінен ұрланған.Қайырбекова министр орынбасары осылайша «Авторлық құқық» туралы заңды бұзыпотыр деп, бұл туралы айғақтар мен суреттердің бәрін өзінің әлеуметтік желідегіпарақшасына салған. Оның пікірінше Жақыповаға экономика ғылымдарының докторыдеген ғылыми дәреже әркімнен ұрлап жазған еңбегі үшін берілген.

«Шын мәнінде экономика ғылымдарының докторы дегендиплом бұл маңызды құжат саналады, — дейдіАнар Қайырбекова. — Ең алдымен оған осы дәреже заңсыз берілді және осықұжаттың арқасында оның жалақысына қосымша ақы қосылды. Яғни, Жақыповаплагиаттық жолмен жемқорлық қылмысына жол берді. Басқа-басқа білім және ғылымминистрлігі ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді мемлекеттік аттестацияменқамтамасыз етуге жауапты мекеме емес пе? Сондықтан Жақыпованың профессор дегенатағынан айыру қажет. Осыған байланысты сараптаманың қорытындысын тиістіқұзырлы мекемелерге жолдаймын. Бұл дегеніміз тіпті, халықаралық дау десе деболады».

Яғни, А.Қайырбекова Жақыпованың ғылыми дәрежесіналып тастауды сұрап, еліміздің бас прокуроры Ғ.НҰРДАУЛЕТОВТІҢ атына хатжолдамақ. Оның айтуына қарағанда Ф.Жақыпованың өзі министрліктегі жоғарғы білімжәне ғылым саласына жетекшілік жасайды. Оның ішінде ғылыми еңбектерге қадағалаужасайтын мекемелерге де құзыры жүреді. Сондықтан білім және ғылым министрі А.АЙМАҒАМБЕТОВпен оның орынбасары Ф.Жақыпованың сараптаманың қорытындысына кері әсер етуімүмкін деген де күдігінің бар екенін жасырмайды. Осыған байланысты олпремьер-министр А.МАМИННІҢ атына да Ф.Жақыпованы қызметінен босату туралы хатжолдамақ ойы бар. Бұдан бөлек, Ресейдің жоғарғы аттестациялық комиссиясыныңтөрағасына, сондай-ақ, Жақыпова еңбектерін ұрлаған ресейлік ғалымдарға да осыайғақтарды жібермек.


Фатима Нәдірқызы Президент жанындағы мемлекеттікбасқару академиясының ректоры қызметінде жүргенде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресутуралы мынандай ойлар айтқан екен. «Соңғы жылдарда біздің елімізде кешендібілім беру және жоғарғы білім беру саласында жемқорлықты жоюға бағытталғанкөптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Шынында аз тірлік жасалған жоқ. Барлық оқуорындары коррупцияға қарсы оқытатын курстармен қамтылған. Одан бөлек«Антиплагиат» жүйесін пайдалану арқылы «Таза сессия» акциясы өтті. Жоғарғы оқуорындарына «Адалдық алаңы» және «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты жобалартартылуда. Бұл салада өткен жылы қабылданған заң жоғарғы оқу орындарындаашықтық пен жауапкершілікті көбейтіп, оқу орындарының белсенділігін арттыратүседі. Мұндай жағдай әрине, жоғарғы оқу орындарының басшылығы мен оқып жатқанжастар және профессорлық құрамның да жемқорлыққа қарсы іс-әрекетін күшейте түседі»деген болатын Ф.Жақыпова. 

Яғни, білім және ғылым министрі Ф.Жақыпова осықызметінде ғылыми еңбектердің сапасына мемлекеттік және әлемдік дәрежеде кепілболуы тиіс еді. Бірақ, «Ұлттық ақпараттық техникалық орталығы» АҚ президентібекіткен «Антиплагиат» бағдарламасы Жақыпованың заңсыз әрекеттерін әшкерелеп,оның экономика ғылымдарының докторы деген дәрежеге де, дәл осы қызметіне делайық емес екенін дәлелдеп отыр.

Шынында Ф.Жақыпова министрліктегі жоғарғы біліммен ғылым саласына жетекшілік жасайтын болса, онда жоғарғы оқу орындарындаоқытылып жатқан оқулықтар мен бағдарламалардың сапасы туралы не айтуға болады?Ал, ғылым саласы қалай дамиды? Қайырбекова мұндай плагиаттық әрекеттер бірЖақыповада ғана емес, білім және ғылым министрлігіндегі бірқатар лауазымдытұлғалардың да ғылыми еңбектерінде кездесетінен ашық айтып отыр. Соғанқарағанда псевдоғалымдарға қарсы күрес енді қызатын сияқты.

Айта кету керек, «Жас АЛАШ» бұл мәлімдемеге және зерттеу жүйесі ісіне араласпағанын және осыған қатысты қарсы тарап — Ф.Жақыпованың пікірін де ұсынуға дайын екенін ескертеді. 

Коллаж: zhasalash.kz

Суреттерді А.Қайырбекова ұсынды

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57