Жәрдемақы жарлыны жарылқамайды

28.04.2020, 12:33

14

Биліктығырықтан шығаратын жол іздеуі керек

 Қазір көптеген сарапшылар халық пен билікарасының дүрдараз болмауына қатты мән беріп отыр. Осы орайда, бірқатар мемлекеттерелді барынша қолдап үстемеақы, өтемақы, жәрдемақы көлемін қайта қарап,әлеуметінің әлеуетін түсірмеуге тырысып-ақ жатыр. Біздің билік те қарапайым халықтықолдаудың амалы ретінде халыққа төленіп жүрген зейнетақы мен жәрдемақыны 10пайызға көбейтті, жұмыссыз қалғандарға өтемақы төледі, несиені және коммуналдықтөлемдерді шегерді. Бірақ биліктің осы амалын экономист-сарапшылардың басымбөлігі «бұл халықты тығырықтан шығаратын жол емес» деп отыр.

                       Масылдыққа жақындаттық па?

 Сала мамандарының пайымынша, қазір қарапайымхалықтың көпшілігі мемлекетке сеніп, әлеуметтік төлемдерді қанағат тұтып, жатыпішерлікпен масылдыққа бой алдыра бастағандай.  Экономист-сарапшы Ерлан Әзбергеновтіңайтуынша, экономиканы құртатын – осы масылдық. «Жалпы, юриспруденцияда біреудіңасырауындағы еңбекке қабілетсіз адам (иждивенец, асыраудағы адам – авт.) дегенұғым бар. Мұндай адамдар үкімет қамқорлығында болуы тиіс. Олар үшін мемлекетберетін жәрдемақы – тіршілік етудің жалғыз көзі. Қазіргі таңдағы қынжылатындүние – ауылдағы ағайынның 80 пайызы осы мемлекеттен берілетін жәрдемақыменкүнелтіп отыр. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыға сегіз баласы баротбасының өлместің күнін көріп отырғанын  білемін. Бір ғана зейнетақымен күн көріпотырған адамдар да баршылық. Отбасындағы зіңгіттей азаматтардың әкесініңзейнетақысына қарап қалуы масылдық емей немене?!» – дейді Ерлан Әзбергенов.

Маманның пайымдауынша, наққазір халыққа садақа ретінде болар-болмас жәрдемақы беру елді тығырықтан шығармайды.Жәрдемақыға үстеме қосу да халыққа нәпақа емес. Бұл тек елді масылдыққажетелейтін қадам. «Білесіздер, 2019 жылы үкімет көпбалалы аналарға берілетінжәрдемақы мөлшерін әр балаға 21 мың теңгеге дейін өсірді. Сол-ақ екен, біреулертабысын жасырды, жылжымайтын мүлкін біреудің атына жазды. Жәрдемақыны алу үшіннекесін бұзып ажырасып, жалғызбасты ана мәртебесіне ілініп, сол қаржыныалғандар да бар. Мұндай заңсыз жолмен жәрдемақы алғандар артынша әшкере болды.Бұдан бөлек, қазіргі төтенше жағдайда «42 500 теңге беріледі» деп еді, оны кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерде, жағдайы бар қалталы адамдар да, ақшасы жоқ, сіңірі шыққан жарлылар да алыпжатыр. Мұның өзі елде масылдық психологияның қалыптасып қалғанын дәлелдеп отыр.Сондықтан бұл арада билікке басқа амал керек-ақ», – дейді Ерлан Әзбергенов.

                                  Амал қандайболу керек?

Мамандардың айтуынша, экономикамызтек осындай бағытты ғана ұстанатын болса, алдағы бесжылдықта халыққа мемлекетесебінен төлем төлеудің өзі қиындық тудыра бастайды.  Экономист-ғалым Марал Төртенованың ойынша,  әлеуметтік төлемдер мәселені шешетін төте жолемес. «Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, тоғыз айда елде 412 мың отбасынанемесе 2 миллион 138 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек берілген. Деректерге жүгінсек,елімізде әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыларды 4,2 млн адам алады.  Негізінде, бұл бюджетке едәуір салмақ түсіреді»,– дейді Марал Төртенова.

Маманныңбайыптауынша, бізде бюджет тапшылығы жоғары. Ашығын айтсақ, билік ол тапшылықты Ұлттық қор есебінен жауыпкеле жатыр. Одан бөлек, бюджет тапшылығын жою үшін билік зейнетақы қорына дақол сала бастады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) көптеген құндықағаздар бар. Соның салдарынан келер ұрпаққа қалатын Ұлттық қор да, БЖЗҚ даазайып жатыр. «Мемлекеттен көмек тоқтаусыз беріле берсе, оның арты осындаймәселелерге әкеледі. Сондықтан биліктің ендігі амалы ұлттық жұмысшы табынқалыптастыру керек. Ол үшін бұрынғы кәсіптік-техникалық училищелерді (ПТУ)жандандырып, орта білімі бар азаматтардың жұмыс істеуіне, өзін-өзі кәсіппенқамтуына жағдай жасау керек», –дейді экономист-ғалым Марал Төртенова.

Осылайша еңбекшіл қоғам құруарқылы біз жұмысқа құлқы жоқ, шынайы еңбектенгісі келмейтін жалқауларданарыламыз. «Мемлекетке ауыз ашатындардың жұмыс істеуге деген ынтасын осылайашқанымыз жөн», – дейді  маман.

                       Қазақтың үйін неге өзбексалады?

 Байыптасақ, мамандар сөзініңжаны бар. Арзан жұмыс күші, ұлттық жұмысшы тап дегенде, деректерденаңғарғанымыз, бұл ретте өзбектер бізден озып тұр екен. Тіпті өзбектің ұлттықжұмысшы табы мигранттар ретінде көршілес елдерге, оның ішінде біздің елімізге деөтіп, жұмыс істеп жүр.

 Мәселен, әлемдік тұрғыда қоғамдық пікірді талдаушы экономикалық «Гэллап»институтының мамандары жуырда ТМД елдері бойынша арзан ұлттық жұмысшы таптың жұмысістеуге деген қызығушылығы мен талпынысына зерттеу жасапты. Ең қызығы, аталмышинститут мамандары 12 мемлекеттегі 1,5 млн арзан жұмысшының Қазақстанға барыпжұмыс істегісі келетінін алға тартқан.  Бұған қатысты экономист-сарапшы ТоғжанШаяхметова былай дейді:

– Қазақ үй салса да, өзбекке жүгінеді. Біздің елдегі азаматтардың қолынанкөп нәрсе келмейді. Себебі біз кезінде ПТУ атанған техникалық училищелердіқұрттық. Ал бірақтар ТМД елдері мектеп қабырғасынан бастап бұл мамандықтардықосымша оқытып жатыр. Дәнекерлеуші, электрик, жабдықтаушы деген мамандықтардыөзбектер мектеп қабырғасында жүріп оқып шығады. Бізде орта мектепті бітірсебітті – міндеті түрде жоғары білім алу керек. Диплом алғаннан кейін жұмыс табылама, жоқ па, оған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Ақылы оқыған қаншама жастаржұмыссыз жүр. Өйткені елде жұмыспен қамтитын база жоқ. Бұл бағытпен біз текелдегі жұмыссыздар қатарын өсіреміз. 

Ал жұмыссыздық дегеніміз –экономиканың батпаққа батуы екені тағы белгілі. Ендеше, расымен де, үкіметкехалықты жұмыспен қамтудың жаңаша тетіктерін қарастыруға тура келіп тұрғанынбағамдаймыз.

                          Үкілегенбағдарламалар қайда?

Бірақ бұл арада «біздің үкіметнеге асықпай отыр» деген сауал туындайды.  Рас, осы уақытқа дейін елде «халықтың жұмысқа дегенқабілеттілігін арттырамыз» деп, біршама мемлекеттік бағдарламалар легіқабылданды. Мысалы,  билік «Моноқалалардыдамыту-2020», «Өнімділік-2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Таза су-2020»,   көпбалалы аналарды субсидиямен қамту, «Дипломмен– ауылға!» тәрізді небір бағдарламаларды орындауға ниеттенді. Ақиқатында,аталмыш бағдарламалардың қызығын халық мүлде көрген жоқ. «Басы басталып, аяғытасталатын» олақ әйелдің ісі сияқты бұл бағдарламалар да әп-әдемі басталып,аяғы сиырқұйымшақтанып кетті.

 Міне, қазір  «инновациялық-индустриалды жолмен дамимыз»деп үкілеп, үміт күткен 2020 жылға  келіпотырмыз. Бірақ қазір  халық, керісінше,ашықты. Оған қазіргі сын сағатта елдің мемлекеттен берілген  болар-болмашы жәрдемақыны талғажау етіпотырғаны дәлел. Тіпті қазіргідей қиындықта халыққа берілген  42 500 теңгенің жыры әжуаға айналыпкетті.  Бұл қаржыны еңбек министрі БіржанНұрымбетов біресе «қайтарып аламыз» деді енді бірде «жаратыңдар» деді. Білдейбір министрлік осылай қырық құбылған соң, халық тіпті есепшотына түсіп тұрғанқаржыны жаратуға жүрексініп қалды. Зейнетақы мен әлеуметтік төлемге қосыпотырған мемлекеттің 10 пайыз үстемесін елдегі инфляция жеп қойғалы қашан. Ашынғанхалық тіпті бұл үстемені «үкіметтің садақасы» деп те жүр.

      Қорыта айтқанда, халықты қазірқымбатшылық қысып,  жоқшылық мүжіп барады.Ал мұндай халықты масыл деуге қаншалықты негіз бар? Жұмыспен қамтып жатса, оныістегісі келмей, жатыпішерлікке салынатын азамат болмас. Сондықтан биліктіңендігі міндеті халықты ең төменгі жалақы мөлшеріндегі жәрдемақыменалдаусыратпай,  тұрақты еңбекақысы баржұмыс орындарын ашу болуы керек. Мазалайтын сұрақ – мынадай дағдарыс кезеңіндеол биліктің қолынан келе қояр ма екен?! Ол да басы ашық күйінде тұрған сауал.

Тақырыпқа тұздық

  Осы мәселеге орай, «Жас Алашқа»пікір білдірген сала мамандары «халық масыл емес, бірақ ол ашықты, сондықтанбилікке басқа амал керек» дегенді ашып айтты.

Балабек САҚТАҒАНОВ, психология ғылымы бойынша PhD доктор:

Мемлекеттен көмек алатын адамдарды масылдеуге болмайды


Қазіргі төтенше жағдай ел азаматтарын уақытша карантинде үйде отыруғамәжбүрледі. Бұл өз кезегінде отбасын асырап отырған көптеген азаматтардыбелгілі бір кезеңге дейін жұмысын онлайн жасауға, ақысыз демалысқа шығуы, жұмысорнының жабылып қалуы, жұмыстан қысқару және жалақының азаюы секілдіжағдайларға душар етіп отыр. Отбасын асырап отырған адамдардың санасында«ертеңгі күнім не болады, отбасыма тамақ тауып бере аламын ба» деген қорқынышсезімі туындайтыны табиғи нәрсе. Күнделікті тұрмысқа пайдаланатын заттардың дабағасы қымбаттап жатыр. Бұл жағдайдың барлығы адамдардың психикасына үлкенсалмақ түсіруде. Әлеуметтік көмек алып, үйде отырғысы келетін адамдар өте аз. Мемлекеттіккөмек алатындарды масыл деуге болмайды. Елімізде азаматтарымыздың басым бөлігіжұмыс істейді және қазір де ертерек карантин аяқталып, бұрынғы жұмыс орнынақайтып барғысы келіп асығып жүр. Сондықтан халыққа берілетін мемлекеттік көмекхалықты масылдық психологияға жетелейді деп айтуға болмайды.

Жалпы, масылдық – бұл қоғамдық құбылыс,адамның өзін материалдық және рухани жағынан асырауға қабілетсіздігі,жауапкершілік сезімінің болмауы, күрделі өмірлік мәселелерді шешуге дайын еместігі.Ал қазіргі жағдайдың өте бір қиын болып тұрғанын барлығымыз көріп отырмыз.

 Масылдық психологиясы Еуропа елдеріндежақсы дамыған. Өйткені оларға басқа кедей елдерден эмигранттар келіп, солелдегі мемлекет тарапынан жұмыссыздыққа берілетін әлеуметтік көмекпен өмірсүреді. Масылдық адамда адамгершілік сезімдерін, адам ретінде алға даму мүмкіндіктерінжоғалтуға әкеледі, ондай адамдарда ештеңеге қызығушылық жоқ, мотивация өтетөмен болады. Төтенше жағдайдағы карантинге байланысты психологиялықмасылдықтан да басқа, отбасылық келіспеушіліктер, стресс, депрессия, ажырасужәне тұрмыстық зорлық-зомбылықтар көбейе түскен. Ал мемлекет тарапынан берілетінәлеуметтік көмектер мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмегін тигізеді»деп ойлаймын.

Серік БЕЙСЕНБАЕВ, әлеуметтанушы:

                Халықсоңғы үш жылда тіптен кедейленіп кетті

– Біздің қоғамда масылдық мәселесі былтырдан бері жиі көтеріліп келеді.Бірқатар мамандар мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектердің артуын «қоғамдымасылдыққа жетелейді» деген пікір айтады. Өз басым мұнымен келіспеймін.  Соңғы үш жылдың ішінде халық тіптен кедейленіпкетті. 2014-15 жылдары теңге қатты құнсызданды. Дәрі-дәрмектің, азық-түліктіңбағасы қазір қатты шарықтап тұр. Мұның барлығы халықтың тұтыну деңгейінтөмендетті. Аз жалақы алатын қара жұмысшылар тіпті қиналды. Көпбалалы отбасыларда жағдайдың ауыр екенін жиі айтады. Өзін-өзі жұмыспен қамтитындар да қаттықиналуда. Мұндай адамдардың ұсынысы мен базынасы жоғарыдағылардың құлағынажетпей жатыр. Мысалы, бізде халыққа төленетін әлеуметтік төлем деңгейі халықтыңжоқ-жітігін түгел қамтиды деп айту қиын. Өте аз сома төленеді. Ал мұны масылдықтудырады деп айта алмаймыз. Мәселен, әр балаға 10 мың теңгеден төленеді. Біротбасында бес бала болса, 50 мың теңге сол бес баланың қажеттілігін өтейді депайта алмаймыз. Түрлі іс-шараларды өткізуге арналған қаржыны және әр саланықолдауға бөлінген қаржымен есептегенде, халыққа бөлінген әлеуметтік төлемдердіңөте аз екенін аңғарамыз. Осы жолы «төтенше жағдайда 3 млн адам 42 500теңге көмек алады» деді.  Төтеншежағдайда экономиканы қолдау үшін Ұлттық қордан 10 млрд теңге бөлінді десек, халыққакөмек ретінде  сол 10 млрд теңгенің 2-3пайызы ғана тиіп отыр. Мұндай жағдайда халықты масыл, жатыпішер деу қисынғакелмейді. Рас, бюджеттің белгілі бір қаржысы халыққа бөлініп отыр. Ол әрмемлекеттің міндеті деп ойлаймын. Бірақ қара халық жақсы өмір сүруі үшінболашақта билік басқа амалдарды қолға алып, ұтымды істермен айналысқаны жөн.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Жас Алаш»



                                                       


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 14:47
Атырауда блок-бекеттердің неге қойылғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:26
Министр темекі шегетін орын қандай болуы керектігін айтты
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:07
Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 09:30
Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болды
Еркежан АРЫН 30.09.2020, 00:40
52 миллиард теңге: Қазақстандағы экономикалық қылмыстан келген шығын
Амангелді СЕЙІТХАН 29.09.2020, 11:05
Атамекенім қайда екен?

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16