Жарты миллион халқы бар Қарағандыда он-ақ қазақ мектебі бар

23.08.2019, 08:41

124

Қарағанды қаласында қазақ мектептері аз. Керісіншеаралас және орыс  мектептері көп.Қоғамдық белсенділер бұл проблеманы қалалық мәслихаттың отырысындакөтерді.  Бұл туралы өңірдегі «Жас АЛАШ»сайтының тілшісі хабарлайды.

Қыркүйекте  Қарағанды қаласында №103 мектеп жұмысынбастайды. Жаңа білім мекемесі аралас мектеп болмақ. Жергілікті қоғамдық белсендіЖексен ӘБДІРАХМАНОВ «былтыр №102 мектепті аралас етіп ашты. Биыл №103 мектептітаза қазақ мектебі етіп ашуларына болар еді» деп есептейді.

«Араласмектеп Қарағандыда көп. Аралас мектептер ұрпақты «дүбара» қылып тәрбиелейді деп санаймын. Қалада дәл қазіргіуақытта қазақтарға тек қана өзінің ана тілінде сабақ беретін мектептерді ашатынуақыт келді. Бастапқыда осы №103 мектепті таза қазақ мектебі болады деп жұртайтып жүрген. Енді №102 тәрізді бұл да аралас мектеп болып шыға келді. Жалпы бұлекі мектептің арасы аса қашық емес»,-дейді қоғам белсендісі ЖексенӘбдірахманов.

Қоғам өкілдері «Ресейде қазақ мектебін ашып жатқанешкім жоқ. Сондағы 2 млн қазақ мектеп ашылмады деп ренжіп жүрген жоқ қой. Біз қазақмектебін ашуға  неге қаймығамыз» дейді. Алайдашенеуініктер 1 қыркүйекте ашылатын № 103 мектептің аралас мектеп болып бекіпқойғанын мәлімдеп отыр.

«Енді сол №103 мектеп ашылып тұрған ауданға көшіп барған тұрғындардың ішінде орыс тілділерде бар. Біз бұл мектепті таза қазақ тілінде ашатын болсақ оларды қайдаапарамыз. №101 мектеп  алыс. Ал №23мектепте  бала саны толық қой. Солсебепті №103 мектепті аралас мектеп қылып ашуға тура келді»,- дейді  Қарағанды қаласының білім бөлімінің бастығыГүлсім ҚОЖАХМЕТОВА.  

Қарағанды қаласында 12 мектеп таза орыс тіліндебілім берсе, 10 мектеп қана мемлекеттік тілде білім береді. Ал араласмектептердің саны елу алты.  Қарағандыдажалпы саны 29 821 орыс бала мектепте білім алса, соның тек он  екісі ғана қазақ мектебіне барады екен. Басқаұлт өкілдерінің  үш мыңға жуық баласы ортамектептеде оқиды. Олардың тек үш жүзі ғана қазақ мектептерінде. Ал мектептебілім алып жүрген қара көздердің саны 30 758 мың. Алайда  соның он мыңнан астамы орыс мектептерінебарады.

Қарағандылық  Айша НҮГЕРБЕКОВА өзінің екі немересін араласмектепке апарады.

«Бізтұратын Кеншілер даңғылында тұратындардың көбісі қазақтар.Осы қазақтардыңішінде менің ойымша  балаларын орысмектебіне беретіндер көп. Енді осы №103 мектепті қазақ мектебі етіп қойса соғанбаласын беретін ата-аналар көп болар еді. Өйткені өзі толық қазақша білмейтін«орысша» тәрбиеленген қазақтар негізі баласын қазақ мектебіне беруге ықыластыболады»,- дейді Кеншілер даңғылының тұрғыны Айша Нүгербекова.

Қоғам белсенділерінің мектепке қатысты мәселесіәзірге билік тарапынан құпталған жоқ. Шенеуніктер оларды «қазақ мектептерін ашу уақыт еншісінде әрі біздіңбақылауымызда»деп жылы жауып шығарып салған.

Фото zhasalash.kzмұрағатынан.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44