«Жас Алаш» тілшісі депутаттың ұлтын қайтарып берді

25.09.2018, 17:11

70

«Жас Алашқа» да алғыс айтатындар бар екен. Дәлірек айтқанда Шығыс Қазақстан облысындағы тілшіміз Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫНЫҢ атына облыстық мәслихат аппаратынан ризашылық білдірген хат келіпті.2018 жылдың 13-ші қыркүйегінде әріптесіміздің «Нұр Отанның» қазағы «орыс» екенін біле ме? деген мақаласы сайтымызға шыққан еді.Автор Шығыс Қазақстан облысы өкілді билігінің ресми сайтындағы қателер жайлы жазған болатын. (deputate.gov.kz) Билік партиясы өкілдерінің мемлекеттік тілге деген бейжайлығы мақалада айтылған еді.Негізі көптеген әкімшілік, министрліктер мен басқа да ведомствалардың бұқарамен жұмыс жасайтын ресми сайттарында мемлекеттік тілге жүрдім-бардым қарайтыны қалыпты жағдайға айналған. Әйтеуір есеп үшін мемлекеттік тілдегі парақшаға қалай болса солай қарай салады.Ал шығыстағы «нұр отандықтар» тіпті әріптесінің ұлтын қате көрсеткендерін өздері де білмеген. Жас Алаш тілшісі жазғанан кейін барып өз ұлттарына оралыпты. Мәселен облыстық мәслихат депутаты Тасболат БИТЕНОВТІҢ ұлты орыс деп көрсетілген. Әріптесіміздің мақаласынан кейін өз сайттарын қарап шыққан қалаулыларымыз қатені түзеткен екен. Оқырмандарымыздың арасында «Нұр Отан» партиясының депутаттары бары бізді қуантады. Алайда, арасында халық үшін ашық ресми сайттарына көз салып қойғандары дұрыс.«Қазіргі уақытта барлық қажетті нақтылаулар түзетулер енгізілді, жауапты қызметкерлермен және техникалық қолдау қызметімен алдағы уақытта мұндай қателерді болдырмау туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сізге белсенді ұстанымыңыз үшін алғыс білдіреміз және одан әрі де жемісті жұмыс істейміз деп сенеміз», — деп жазды Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Азамат ШАЛАБАЕВ.Журналист әсте грамматикалық қателерді түзеуге ықыласты емес. Бірақ мәселе мемлекеттік тілде болып тұр. Сондай-ақ депутаттар өз ұлтын шатастырып жатқанда әріптесіміз нұротандықтарды сайлаушылар алдында түзеп қойғысы келген. Әрине, достық пейілмен!Фото:zhalagash-zharshysy.kz    
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 09:02
Сот жүйесіне жасанды интеллектінің көмегі бола ма?
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 08:49
«Жас қазақ» әні қалай туған?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 06.05.2021, 13:34
Көпбалалы отбасыны орталықтар шынымен қолдай ала ма?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 10:32
Бауыржан Байбектің өкілі Мамайға қатысты азаматтық іс қалай жүріп жатқанын айтты
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 05.05.2021, 13:17
Бензин бағасы «безілдеп» тұр оны қалай ауыздықтаймыз?
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 05.05.2021, 08:45
Ғылым саласы өлді, қайтпек керек?

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56