«Жас Алаш» және жаңа ұрпақ

Айнұр ӘЛИ

30.11.2021, 17:55

720

Мигель Астуриас «Ой – тәтті, ол миға бал себеді» деген ғой. Арманның жетегінде жүріп тереңінен ойлауды, тұңғиығына бойлауды ұмытыппыз. Миға бал себілмегені де, ойға ой қоспағаны да, тіпті түйсігін оятпағаны да арамызда, қасымызда жүр. Созбалақтамай сұрақты төтесінен қояйын. Мағжан секілді мен де жастарға сенемін. Сіз ше?

Қазір жастарды кінәлай кететіндер көп. Масыл, жалқау, ынжық. Талай атқа мінген ағалардың берген бағасы – осы. Тағы да сенімсіздік, үрей, үмітсіздік бар. Көп жастардың бойынан һәм ойынан көргенім де осы. Үрей қайдан туады? Қоғамнан. Қоғам неге үркітті? Өйткені жастарға сенімсіздік танытты. Сенімсіздік қайдан шығады? «Ақыр соңында шешімді бәрібір ересектер қабылдайды, жастар емес. Алайда сол жастар ертеңгі күні ересекке айналып, оларға да шешім шығаратын күн туады да, олар әлгі шешімдерге назар аударады. Міне, сол кезде олар алдыңғы ересек ұрпақты дұрыс шешім қабылдағаны үшін мақтан тұтатындай болуы тиіс», – дейді сингапурлық әйгілі саясаткер Ли Куан Ю. Рас және дәл айтқан.

Сөз бөлек, іс бөлек. Сөзге сенсек, бес мың жыл бұрын Мысыр перғауыны «Жастар бұзылды. Жастар қоғамды бұзды» деп қабіріне жазғаны ойға оралады. Оралып қана қоймай, бұл сөзді әлі де еститініміз жүрекке қадалады. Ойлап көріңізші, жаман бала қайдан пайда болады? Үйдегі тәрбиеден, мектептен. Ал орта, қоғам ше? Міне, сауалдың дөп жауабы осы – қоғам. Қоғам бізге не үйретті? Енді әлгінде айтқан іске көшейік.

Адымыңды аттап бассаң – жемқорлық. Сол жақта – жауыздық. Оң жақта – әділетсіздік. Батыс бетте – жабылған жала. Шығысында – айтылған нала. Тұрақсыздық. Ел болып жік-жікке бөліну. Ажырасу. Көкек ана, әке. Тіпті ажал құштыру. Айтылғанда жүрегің тулайды, қаның қайнайды. Бірақ тоқтау, тоқтам жоқ. Мұндай қоғамнан жеріген бала не істейді? Әрине, құлтемірдің құлы болады. Мәңгүрттенеді. Содан тәрбие алады. Содан өрісін кеңейтеді. Әке де, шеше де сол – қалтафон. Ал сіз жастанып кітап оқыған баланы көрдіңіз бе? Газет-журнал ше? Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған бұл құрылғың жас ұрпаққа қауіп боп төнген секілді ме, қалай?

Газет және гаджет. Қазір газетті керек етпейтіндер көбейген. Өйткені орнын гаджет басты деп санайды. Бірақ сенімді көз қайда бар? Әрине, газетте. Біз өзімізді зайырлы елміз дейміз. Алайда сөз бостандығы бұйырмады. Құм жұтқандай үнсізбіз. Ақты ақ, қараны қара деп айтуға шамамыз жетпейді. Қорқыныш басым.

Алғаш «Жас Алаш» газетіне мақала даярлаған күнім. Газет беттерін парақтай отырып, барлығының анық, дөп айтылғанын көріп таңғалдым. Барлығы ашық. Сынмен сабап, шындықпен шырмап алған мақаланы көзбен шолғанда біз сүріп жатқан ертегі емес, нағыз өмірдің ащы дәмін татқандай күй кештім. «Сын түзелмей, мін түзелмейді». Ойыңды ашық жеткізу білу де бір өнер. Ал сол сәтте менде ондай өнер болмаған екен. Арқаң қозып, ақ параққа шимайлай жөнелгеніңде кеудеңнен әлдене тартқылайды да тұрады. Құдды «айтпауың керек, жазбауың керек, өзіңе обал» дегендей ой санаңды «ұрады». Құй сеніңіз, құй сенбеңіз. Уақыт өте бойға жігер дарыды. Мақала жазарда ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін үйренесің. Бастысы – сын мен шынды қабылдай аласың. Еркін сөйлейсің, еркін ойланасың. Ойыңды ашық жеткізесің. Мүмкін, жастардың ойын ашық жеткізе алмауына осы жабылған жақ кінәлі шығар?

Ал қанат қайтсе қатаяды? Жаңаша ойлау, өмірге жарқын түспен қарау, тіршіліктің шығыршықтан шығуының бәрі жастардың меншігінде. Сенбесеңіз, тарихқа қараңыз. Әпсананың талайы жастардың қолымен жазылған. Ғылым да, ілім де солай. Жасымызды жасық етсек, мүсіркесек, даму, жарқын болашақ жоқ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Күнде бір отбасыға үй әперейік!
Жарас ШӨКЕ 15:23
Қаңтар оқиғасын зерттейтін комиссия құрылды
Сайт әкімшілігі 00:00
Qantar 2022: Алматыдағы уақытша изолятордан 11 адам босап шықты
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.01.2022, 17:36
Сапарханның «отставкасын» қолдаған Сапарбаев өзіне келгенде неге үнсіз?
Сайт әкімшілігі 25.01.2022, 17:23
Зейнеп Ахметова:"Бауыржан Момышұлы 4 күн бойы жерленбей жатып қалды"
Ермек Мұқанғалиев 25.01.2022, 11:46
Қазақ қайткенде ұлттық болмысын сақтап тәуелсіз ел болып қала алады?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48