"Жас алашта" жай-күйі жазылған жас ана баспаналы болды

25.12.2019, 06:54

84

Бұған дейін Жармаауданынан қарасты Көшек ауылында тозығы жеткен баспанада төрт баласымен тұрыпкелген Әйгерім Мусанова биылғы Жаңа жылды аудан орталығы – Қалбатаудан бұйырғанүш бөлмелі жаңа үйде қарсы алмақ. Өз жайын күйттеп кеткен балаларының әкесіненбіржола күдер үзген ол енді, өткен өмірін ойына да оралтқысы келмейді.

Сөз орайы келгендеайта кеткен жөн, Әйгерім Мусанованың жағдайы туралы бұған дейін «Жас алаш»сайтында «Әңгімесі әкімнің – көп балалы Әйгерім» атты мақала жарияланғанболатын. Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновтың сайлаушыларыменкездесуі үстіміздегі жылдың жазында Көшек ауылында жалғасқанда жас та болса,жалғызбастылығына жаны жасымай сөз алған Әйгерім өзінің жайсыз тұрмысынанхабардар еткен. Төбесі құлауға шақ қалған үйде балаларына бір, жұмысына біржүгіріп әрең жүрген ол Біржан ауылдық округіне көшкісі келетіндігін де жайыпсалған. Алайда, аудан әкімі А, Нұрғожин ол ауылдан бос үй табу да оңайеместігін айта келіп, «Егер Әйгерім Көшектен көшсе, тұрғын санына да әсер ететінін»де жасырмай, мәселені шешуге тырысатындығын баян еткені есімізде. Мәжілісдепутаты Нұртай Салихұлы да көп балалы жас ананың өтініші бекер шықпағанынаңғарып, мәселені дұрыс шешуді аудан басшылығына тапсырған болатын.

Қуанарлығы сол, бұлжай ғана кезекті уәде емес, аудан басшысы Ахметқали Нұрғожин Ә. Мусановағааудан орталығы Қалбатаудан қолданысқа берілген қос пәтерлі 5 тұрғын үйдің бірінӘйгерімге бергенді дұрыс көріпті.

«Кілтін Тәуелсіздік күні аудан әкімі Ахметқали Нұрғожинніңқолынан алғанда өз қуанышыма өзім сенбедім. Жағдайыма бұған дейін де назараударып келген аудан басшылығына, сол кезде өтінішімді зер сала тыңдағанМәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновқа алғыс айтамын. Әрине, менің жағдайымдыжұрт назарына бірден ұсынған «Жас алаш» газетінің сайтына да разылығым шексіз. Баспанамдыкөрдім, маған, балаларыма жайлы екен. Сонысына қуанамын», — дейді Мусанова.

Аудан орталығындағыекі пәтерлі 5 тұрғын үйді «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер ДинараИсабаева қолданысқа беріп отыр.

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:47
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Сайт әкімшілігі 12:26
Нұр-Сұлтанда жалақы өсіруді талап еткен жүзден астам краншы жұмысын тоқтатты
Сайт әкімшілігі 11:52
Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды
Сайт әкімшілігі 09:45
Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сайт әкімшілігі 09:20
Бас санитар карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51