«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды

Қарлығаш Зарыққанқызы

23.11.2020, 11:20

1310

Осыдан тұп-тура сегіз ай бұрын «Жас Алаштың» сайтына Еңбекші қазақ ауданы, Есік қаласында тұратын көп балалы ана Кербез Таутесерова хабарласқан болатын.

Өзінің жолдасы қайтыс болғанын, төрт баламен жалғыз қалғанын, құрсағында бір бала бар екенін айтып, мұңын шаққан Кербездің тағдыры бізді бей-жай қалдырмады. Есік қаласына барып, Кербездің жай-күйімен таныстық та, оның берген ақпаратының ақиқатына көзімізді жеткізіп алып, бірден көмектесуді жөн көрдік. Алдымен  «Жас Алаштың» сайтына «Кербез халықтан көмек сұрайды» деген мақала жарияладық.

Артынша, жолдасының қырық күндік асын бергеннен кейін Кербез бізге Жаркент қаласына туыстарының қасына көшіп бара жатқанын хабарлады. Ол аралықта «Жас Алаштың» араласуымен Кербездің жайынан елге танымал жұлдыздар да қанық бола бастады.

Көп балалы ананың тағдырына алаңдап редакциямызға хабарласқандар да табылды. Еліміздің эстрада жұлдыздарынан,  белгілі әншілерден Кербез жайлы әлеуметтік желіге пост жазып, жариялап беруін сұрадық. Жаркент қаласының әкімдігін Кербездің жайынан құлағдар еттік. Осылайша Кербездің есеп шотына қаражат жинала бастады. Жалпы сомасы 737 000 теңге  (жеті жүз отыз жеті мың) теңге қаражат жиналып, бүгінде көп балалы ана Жаркент қаласынан 13 сотық жер алды.

— Қазір жолдасым қайтыс болғанда құрсағымда қалған баланы өмірге әкелдім. Төрт қыздан кейінгі ұлым дүниеге келді. Бұл да бір  «артында ұрпағы қалды» дегенге медеу болды. Бұдан бөлек мен  «Жас Алашқа» алғысымды білдіремін. Өздеріңіздің себепкер болуларыңызбен, қолдауларыңызбен мен Жакенттен 13 сотық жер алдым. Сіздер әлеуметтік желі арқылы жан-жаққа шығып, менің тағдырымды елге жеткізбесеңіздер, мені кім тыңдар еді?! Ендігі мақсат сол жерге баспана салсам деймін. «Жас Алаш» жақсылықтың жаршысы бола берсін,-дейді Кербез Таутесерова.

Кербез айтып отырғандай, жер алудың өзі бес баламен пәтер жағалап жүрген адамға үлкен демеу болды. Біз де өз кезегімізде көп балалы ана, бес баланы жалғыз өсіріп отырған қам көңіл Кербезге сәттілік тіледік.

Бұл отбасының ахуалы алдағы уақытта да «Жас Алаштың» бақылауында болатынын айта кеткіміз келеді. Біз қазірде бірқатар қайырымдылық қорларына, жекелеген меценаттарға да Кербездің жайын жеткіздік. Отбасына әлі де көмек қажет. Себебі отбасы бес балаға асыраушысынан айырылғанына байланысты үкіметтен берілетін жәрдемақымен ғана күнелтіп отыр.

Тегтер: көп балалы ана жалғызбасты ана қолдау қамқорлық көмек

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.01.2021, 16:10
Ковид өршіп тұрғанда мектеп асханаларын ашу қаншалықты негізді?
Бифат ЕЛТАЕВА 15.01.2021, 09:03
Орыс мектептерінде қазақ тілінің жайы қалай?
Сайт әкімшілігі 14.01.2021, 13:10
Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 16:00
Президент мақаласынан кейін қазақ тілінде сөйлеу клубы ашылды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 12:00
Қытайда коронавирус қайта таралып жатыр
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 09:45
Ішкі істер министрлігі жолда абай болуды ескертті

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11