Жас ақынның арнауы: Жолдауды оқу – ұлылықпен тыныстау

10.09.2019, 19:35

5

Президент Қасым-ЖомартТОҚАЕВТЫҢ жолдауына Алматы облысының жас ақындары да қолдау білдіруде. Алакөлдікжас ақын жолдауға қолдауды өлең арқылы білдіргісі келіпті. Жолдауға арналғанөлең жолдары өңірлік 7-su.kz (облыстық «Жетісу» газеті) сайтындажарияланды. 

Өлең авторыҚадырсұлтан НҮСІПХАН Алакөл аудандық «Jas Otan» жастар қанатыныңмүшесі екен.

Президентлауазымына кіріскелі алғашқы рет халыққа жолдау жасаған  ТОҚАЕВҚА арнап бұған дейін «Темірқазық»әні жазылған. Оның мәтінін Назарбаевтар отбасына өлең жазумен көпке танылғанБалтабек НҰРҒАЛИЕВ, әнін Әбдіғаппар ТЕМІРХАНОВ жазып, Дәурен ТАШЕНОВ орындапшыққан болатын.

Ал, сол жолдыжалғап, президент жолдауы шабыт берген жас ақын Тоқаевтың жолдауыноқып шыққанын алға тартады. Ол өз өлеңінде «Жолдауды оқу – ұлылықпен тыныстау»деген ой айтады. «Жас АЛАШ» оқырмандарына жас ақынның өлеңін түгелдей ұсынуды жөнкөрдік.

Президенттің оқыпшығып Жолдауын,
Көрсетсе екен әрбір адам қолдауын.
Елім аман, жұртым тыныш болса ғой,
Жат біреулер жасамасын қорлауын.


Президенттің оқыпшығып Жолдауын,
Еңбегінің ел тілесін оңдауын.
Ана тілің асқақтайды, ағайын,
Сезінерсіз шын ғажаптың орнауын.


Президенттің оқыпшығып Жолдауын,

Байқамаймын көңіліңнің толмауын.

Адал еңбек ертең сыйлар жемісін,
Жемқорлықтың үз ертерек торлауын.


Президенттің оқыпшығып Жолдауын,

Көрсең еді көңіл гүлі солмауын.

Уа, ағайын, үзілместен  ұлы көш,
Біз тілейік сәтсіздіктің болмауын.


Президенттің оқыпшығып Жолдауын,

Әрбір адам жасап жатыр қолдауын.
Міне, осындай ұлылықпен тыныстап,

Жарқынкүнге жетелеуде жолдарым.

Жас ақын Қадырсұлтан НҮСІПҚАН 1987 жылы ҚХР Алтай аймағы,Шыңгіл ауданында дүниеге келген. Халықаралық ұстаздар одағының мүшесі. «Суретшілер тілі» кітабының авторы. ҚазірАлматы облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылында тұрады.

Фото және өмірбаян: adebiportal.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39