Жасанды интеллектпен жаңа сот-медициналық қызметі әзірленбек

Еркежан АРЫН

08.04.2021, 15:49

187

Мемлекет басшысы сот жүйесін жаңғыртуға арналған кеңес өткізді. Ол өз сөзінде жаңа сот ІТ-сервистерін пайдалану мәселесі бойынша егжей-тегжейлі тоқталып  өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, соттар заманауи технологиялардың барлық жетістіктерін қолдануға міндетті, себебі бұл салада консервативті тәсілдер орынсыз болып табылады. Сонымен бірге, талап етілген технологиялық шешімдерді белсенді түрде енгізе отырып, заман ағымына ілесуді жалғастыру қажет.

«Ұсынылып отырған IT-қызметтер интеграцияланған білім қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, оған сілтеме жасай отырып, судья әріптестерінің осыған ұқсас шешімдерін көре алады. Бұл дұрыс емес сот актісін қабылдаудың алдын алады. ІТ-технологиялардың артықшылықтарын процестің қатысушылары да сезінуі керек, олар үшін бастапқыда ықтималдылықты түсіну қажет, бұл үшін сот жүйесінің ақпараттық технологиялар қызметтеріне барлық мүдделі тұлғаларға ашық қол жетімділік қажет. Әрине, ақпараттың құпиялылығына қойылатын талаптарды сақтай отырып, мұнда ақылға қонымды түрде әреет ету керек», — деді Президент.

Президент жасанды интеллект элементтерін қамтитын жаңа сот-ақпараттық қызметті егжей-тегжейлі әзірлеуді тапсырды. Көптеген енгізілген сот актілері негізінде ол істің ықтимал нәтижесін болжай алады. Қате сот практикасы дұрыс емес болжам тудыруы мүмкін деген қауіпті ескеру қажет.

«Тиімді сот жүйесінің көмегімен қоғамда заңның үстемдігі сенімді түрде бекітіледі. Реформалар сәтті жүзеге асырылуда. Бұл азаматтарымыздың әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне оң әсер етеді. Сондықтан сот жүйесін модернизациялау жалғасады Қазақстандық қоғам сот саласындағы түбегейлі оң өзгерістерді күтеді», — деп қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу басталар алдында Президент Жоғарғы Сот өз қызметінде қолдана бастаған ақпараттық жүйелермен және жаңа ІТ-қызметтермен танысып өткен болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:53
Сағынтаев Маминнен Шымбұлақты сұрап жүр
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 09:15
Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 6 637 жағдайы тіркелді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55