Жасанды тыныс алдыру аппаратынсыз коронавирустан емдеу әдісі табылды

Сайт әкімшілігі

11.09.2020, 04:58

999

Дәрігерлер гелий-оттегі қоспасымен жасалған ингаляция коронавирусты емдеуде тиімділігін көрсеткендіктен, арнайы қондырғыларды жетілдіруге шешім қабылдады

Ресейлік ғалымдар жасанды тыныс алдыру қондырғыларын қолданбай коронавирус инфекциясынан емделудің жаңа әдісін ұсынды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Ресей ғылыми иммунологтар қоғамының президенті, ғылым академиясы Орал филиалының иммунология және физиология институтының ғылыми директоры Валерий Черешнев коронавируспен ауырған елу науқастың өкпесін гелий-оттегі қоспасымен дем алдырғаннан кейін бір ғана пациент жасанды тыныс алдыру қондырғысын қажет еткенін айтады.

«Жүйе Комидегі республикалық аурухананың базасында сынақтан өтті. Бізде ауыр сырқаттанған 50 науқас болды. Олардың барлығы аман қалды. Тек, біреуі ғана жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды. Бұл тәжірибе Сыктывкардағы республикалық ауруханада оң нәтиже көрсетті. Енді осы бағыттағы жұмыстарды жалғасып жатырмыз», – дейді Черешнев.

Ол жасанды тыныс алдыру ағзаға ауыр салмақ түсіретінін атап өтті.

Қазіргідей өршіп кеткен COVID-19 инфекциясы мен пневмония аясында тыныс алу жүйесі күрт төмендегенде, 90-95 градусқа дейін қыздырылған гелий-оттегі қоспасы жасанды тыныс алдыруға қарағанда едәуір тиімділігін көрсетеді.

Оның айтуынша, микробиологтар бастапқыда осындай ингаляцияға арналған қондырғыларды жетілдіріп, дем шығаратын және қабылдайтын ауаның бөлек жүйелерін жасауға шешім қабылдады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Елеусіз МҰРАТ 03.08.2021, 09:20
Еріккеннің ермегіне айналған әлеуметтік желіге тәртіп керек
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58