Жастар кеңесінде негізгі мәселелер талқыланды

Бифат ЕЛТАЕВА

02.08.2022, 11:00

543

     Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президент жанындағы Жастар кеңесі мүшелері  Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заң жобасының жұмыс тобына кірді. Оған ҚР Мәжіліс депутаты  Елнұр Бейсенбаев кеңестің жаңа мүшелерін қабылдап,  арнайы шара өткізді.

      Бұл жолғы кеңес тек қағаз жүзінде ғана талқыланып қалмай,  оған кеңестің мүшелері жастар саясатына қатысты тың ойларын ортаға салды.  Мәселен,  қазіргі таңда жастар арасында жұмыссыздық деңгейі жоғары болғандықтан,  оның шешімін табу мақсатында өзекті пікірлер айтты.  Яғни,  «Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру мемемелерін бітірген түлектер жұмысқа тұруға келгенде көптеген кедергілерге тап болып жатады.  Сол себепті,  олардың жұмысқа тұру мүмкіндігі аз және жұмысқа тұру талаптары шектен тыс боьғандықтан,  жұмыссыздыққа ұрынып жатады» дейді кеңес мүшесі Яков Федоров. Бұл ұсыныс пен тілекті жұмыс тобының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев қолдап,  алдағы уақытта аталған мәселеге қатысты заңды түрде өзгерістер жасауға болатындығын айтқан еді.

    Сондай-ақ жастар ресурстық орталығының жұмысын жандандыруға да қатысты мәселелер сөз етілді. Яғни,  жастар ресурстық орталығын қайта жаңарту үшін оны жаңадан қайта құру керектігі жөнінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Азиз Ысқақов ұсыныс білдіре отырып, мәдени процестердің жастарға ықпалы жөнінде цифрлар ұсынған еді. Соның ішінде, мәдени-рухани шаралардың жастар арасындағы танымалдығы, оған қатысуы 7 пайыздан аспайтындығын, айтады.

      Алдағы уақытта кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері мақұлданып, жұмыстар жүргізілетін болды.

      Одан бөлек,  жастар мәселесіне қатысты кеңесте  мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев ендігі кезекте атқарылар істердің кешенді іс-жоспарларды таныстырып, көкейтесті сұрақтарды ортаға салды. Өнер, спорт, медиа саласының белсенді тұлғалары сөз алып, салалық мәселелерге тереңінен үңілуге мүмкіндік бергенін айта кеткен жөн.

    Жастар саясатында атқарылып жатқан тағы бір іске тоқталсақ,  дәл осындай жиын Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Қоғамдық даму, мәдениет, спорт және жастар жөніндегі комиссиясының отырысы да өткізілді.  Онда Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы  Айдар Рахымжанұлы «Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының 2021 жылғы жұмысы және 2022 жылға арналған міндеттер туралы» баяндады.

   Сонымен қатар комиссия отырысында кеңес мүшелері  Ішкі саясат пен Жастар саясатының жұмысын жандандыру мақсатында көптеген мәселелерді талқылады. Себебі, осы уақытқа дейін Жастар саясаты Қоғамдық даму,  яғни Ішкі саясатпен бірігіп кеткен еді, енді қайта өз алдына Басқарма болып бөлінген.  Сол себепті,  жастар саясаты өз алдына бөлек, жұмыстарын көрсете білуде қабілетті болуы тиіс. Сондықтан Ішкі саясат пен Жастар саясаты идеологияны екі жақтап күшейткені дұрыс деп есептейміз.  Өйткені соңғы уақытта жастар мәселесі,  саясаты біршама кейін шегіншектеп кеткені белгілі еді. Осыған орай,  кеңестің жаңа мүшелері мен қоғамдық даму басқармасының қызметкерлері бірлесе отырып, жастар саясатын аса мән беріп, бағдарламалық кеңселердің көптеп ашылуына септесуі  керек. Бұл жоғарыда өткізілген жиындар арқылы алдағы уақытта жүзеге асатындығы белгілі.

Тегтер: жастар саясаты кадр маман

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:51
Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзаруы мүмкін
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:11
ШҚО тұрғындары ауыл әкімін сайлау әділетсіз өтті деп шағымдануда
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49