Жастар өз құқығын қаншалықты біледі?

Бифат ЕЛТАЕВА

23.05.2023, 13:02

1250

Заң үстемдік еткен қазіргі заманда жастардың құқықтық сауаттылығының болуы маңызды мәселелердің бірі саналады. Сол себептен де Жамбыл өңірінде Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға қатысты іс-шаралар мен түсіндірме жұмыстары көптен бері қолға алынып келеді.

Ең алдымен, құқықтық сауаттылық деген не деген сұраққа келсек, бұл құқықтық сауаттылық жастардың үлкендерден қалыс қалмай, мемлекеттің құқықтық негіздерімен, саяси нормаларымен таныс болуы. Егерде жастар өзінің жеке басының құқығын жеткілікті түрде білетін болса, онда ол кез келген тығырықтан оңай шыға алады. Сол себептен жастардың өз құқығын қалыптастыра алуы үшін біріншіден, отбасы, білім ордалары мен өзінің араласатын қоғамы, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асыра алады. Сонымен қатар қазіргі заманда жастардың тақырыбы көп қозғалатындықтан, еліміздің әр өңірінде Жастар саясаты құрылып, сол арқылы жастарға түрлі бағыт-бағдар беріліп келеді. Мәселен, Жамбыл облысын алып қарайтын болсақ, өңірде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға қатысты жиындар жиі өткізіліп тұрады. Биыл да қалыптарынан танбай, жуырда ғана жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға қатысты «Жаңару» облыстық филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын қорғау және құқық қорғау органдарына сенімін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға мемлекеттік орган өкілдері мен Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар мен партиялардың, «Саналы ұрпақ» клубының еріктілері, Ішкі істер бөлімі мен әскери-қорғаныс, құқық қорғау органдары мен «Жаңару» қозғалысының белсенділері қатысқан болатын. Жиында жоғарыда айтқанымыздай, жастардың жеке басының құқығын білуіне, қоғамдағы құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерден хабардар болуына, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруына, жастар арасындағы құқық қорғау органдарының оң имиджін қалыптастыруына қатысты мәселелер талқыланды.

Ал енді жастар жеке басына келгенде, қандай құқықты білу керек деген сұраққа жиын барысында құқық қорғау органдарының өкілдері егерде жастар қосымша жұмысқа тұрар болса, онда Қазақстан Республикасы кодексінің 21-бабына сай, еңбек қатынастары мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек шарты міндетті түрде болу керектігін айтады. Ал егер де «еңбек шарты болмаса, еңбек қатынасының болуы да екіталай» дейді. Сондай-ақ еңбек шарты жасалғанда екі нұсқада жасалынып, оның бірі жұмыс берушіге, екіншісі жұмыскерге беріледі. Ал еңбек шартында жұмыскердің нақты қандай қызмет атқаратындығы, еңбек функциясы, жұмыс орны мен жұмыс атауы туралы ақпараттар, жұмыстың басталуы мен келісімшарттың аяқталу уақыты, еңбекақы мен өзге де төлемақылардың мөлшері, төлену мерзімі көрсетіледі. Ал енді еңбек шарты жұмыс беруші мен жұмыскердің де қолында не үшін болуы керек деген сұраққа да құқық қорғау органдарының мүшесі «Жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен міндеттері бірдей болу керек. Себебі көп жағдайда жұмыс берушілер себепсіз жұмыстан шығарса, оның заңсыз болмағанына көз жеткізу қажет екендігін, сонымен қатар еңбек шартына келгенде, жұмыс беруші өзінің еңбек шартын ұзақ етіп жазады да, жұмыскердің еңбек шартын қысқа етіп жазатындығын айтады. Соның себебінен кей мәселелер туындаған жағдайда түсініспеушіліктер орын алады» дейді.

Жамбылда өткен жастарға арналған жиында құқықтық сауаттылықтан, өзге де әлеуметтік тақырыптар сөз болды. Пайдасы зор жиын арқылы жастар өздеріне қажетті ақпараттарды да ала білді. Білмегендерін сұрап, пікір де алмасты. Алдағы уақытта осыған қатысты жастарға пайдалы жиындар әлі де өтетіндігі сөзсіз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 15:31
Геология комитетінің төрағасы елдегі жерасты суының қоры қанша екенін айтты
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 12:57
Министрлер мен әкімдер қазақ тілін білуге міндеттеледі
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 11:40
Прокурор Қайрат Боранбаевқа 6 жыл сұрады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 23:15
Азаттықтың Орталық Азия қызметтері құрылғанына 70 жыл толуына орай медиафорум өтті
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:45
Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің соты басталды
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:03
«Камызяки» КВН командасының Қазақстандағы концерттері өтпейтін болды

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55