Жастар қалай адасып жүр?

Кемел ЖАН

05.05.2022, 16:30

2715

Қазақстанның батыс аймағындағы діни ахуал басқа өңірлермен салыстырғанда, күрделі. Соған қарамастан, бұл аймақтарда діни топтармен күрес қарқынды жүргізіліп тұрады. Мәселен, биыл Маңғыстау облысында интернет желісінде жұмыс істеп тұрған 5194 діни парақша теріс діни топтардан шығарылды.

Ғаламтор мен әлеуметтік желі жастардың ең сүйікті ермегіне айналғанын жасыру мүмкін емес. Абай: «Интернатта оқып жүр, талай қазақ баласы» десе, қазір талай қазақ баласы интернеттен оқитын болды. Бұл заман талабы, одан кенже қалуға болмайды. Бірақ жастар сол ғаламтордан не оқып жүр? Мәселе сонда. Теріс діни ағымға түсіп, адасатын жастардың көбі індетті ғаламтордан жұқтырған. Осыны білген жат ағымның серкелері соңғы жылдары әлеуметтік желіде өте қарқынды әрі жүйелі жұмыс жасайтын болды.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр ғаламтордағы деструктивті топтардың жалпы саны 215-тен 187-ге дейін кеміген болатын-ды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте айтқан-ды. Оның сөзінше, Маңғыстау облысында қазіргі уақытта 45 діни бірлестік тіркелген. Оның – 34-і Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлімшелері, біреуі православ діни ұйымына, тағы біреуі рим католик, 8-і протестанттық діни ұйымына, қалған біреуі кришна діни ұйымына тән. Аймақта, сонымен қатар жастарға діни білім беретін екі діни бірлестік мекемесі жұмыс істейді. Одан бөлек, үш діни білім орталығының құрылысы жүріп жатыр. Өткен жылы облыс әкімі бөлген білім гранттарының ішінде діни мамандарды оқытуға 4 грант бөлінген. Жалпы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне 22 маңғыстаулық жас оқуға түскен.

Мақсатбек Маханбетовтың айтуынша, әлеуметтік желіде, оның ішінде, ВК әлеуметтік парақшасында теріс діни материалдарды таратумен айналысып келген 85 парақшаға сараптама жасалған. Сөйтіп, оның 68-ін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдарды құқық қорғау органдарына берген. 839 парақшаға тыйым салынған. Ал ғаламторда теріс діни ағым жүргізген 15 азамат әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылды.

Өңірде дін істері басқармасы жанынан құрылған діни бірлестік басшыларының клубы бар. Оған діни бірлестіктердің 11 өкілі кіреді. Құрылған бірлестіктің мақсаты – азаматтардың діни сауатын арттыру, конфессияаралық және конфессия мемлекетаралық қарым-қатынастарды үйлестіру.                 

                                                 

Тегтер: дін шара жоспар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20