"Жастар жылы": екібастұздық жастар Израильдің туын көтеріп жүр

27.01.2019, 20:35

93

«Жастар жылына» арналған шарада қазақстандық жастар өзге елдің туын неге көтереді?Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ресми түрде «Жастар жылын» жариялаған соң әдеттегідей науқаншылдық басталды да кетті. Мәселен Астана қаласының әкімі Бақыт СҰЛТАНОВ 25 қаңтар күні Жастар ісі жөніндегі кеңесте қандай жобалардың іске асатынын жариялап тастады. Бұл әңгіменің кіріспесі.Екібастұзда «Жастар жылы» «Достық дархан ұясы» атты фестивальмен басталды. Бұл шараны «Достық үй» ұйымдастырған. Қала әкімінің орынбасары Наталья НЕФЕДОВАНЫҢ айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты – жастарды әр ұлттың мәдениеті мен дәрстүрін сыйлауға баулу. pavlodarnews.kz хабарлауынша, Екібастұз қаласының 22 мектебінен 150 жас мұғалім еліміздегі этникалық топтардың мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсеткен. Оларға «Достық үйінің» мамандары көмектесіпті. Екібастұзда 13 этномәдени орталық жұмыс жасайды екен.Әрине, өзге ұлттың мәдениеті мен дәстүрінен хабардар болған артық етпес. Елдегі азшылықтардың тіліне, ділі мен дініне қол сұғылмауы құқықтық мемлекетте ләзім. Бірақ өзге елдің туын дәл «Жастар жылында» жастардың көтергенін түсіне алмадық. Өйткені, ұлты өзге болса да бұл жастар Қазақстан азаматтары емес пе? Израиль мемлекетінің туын көтерген екібастұздық жастарды Қазақстан патриоттары емес деп кесіп айтудан да аулақпыз. Алайда, көп ұлттық Қазақстанда барлық этникалық топтар өз ата жұрттарының байрағын бастарына көтерсе не болғаны?Фото: pavlodarnews.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14.05.2021, 17:21
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау – Nur Otan-ның басымдықтарының бірі - Байбек
Айшуақ Арай 14.05.2021, 17:07
Сатпаевтағы бұзақылыққа қатысқандар сотталды
Сайт әкімшілігі 14.05.2021, 11:57
Университеттер арасында алғашқы болып елордалық ЖОО «Ashyq» жобасын қолдады
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 14.05.2021, 09:19
Жат жерде белгісіз жағдайда көз жұмған қандастар
Сайт әкімшілігі 13.05.2021, 13:03
"Қазақстандағы демократиялық институттар" тақырыбындағы инфографика байқауы
Сайт әкімшілігі 13.05.2021, 12:35
Әкімдіктен қайран жоқ, Алматы тұрғыны қалада тегін әжетхана салуға бел буды

Аңдатпа


  • Оспан батыр
    15.05.2021, 13:02
  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09