Жастар жылы: Қарағандыда жұмыссыз жастар саны азайып жатыр

25.01.2019, 07:02

6

Кеше ғана ресми түрде жастар жылы жарияланып еді, Қарағандыда жұмыссыз жастар саны азда болса азайып кетті. Мәселен, жергілікті ekaraganda.kz сайты 2018 жылдың 8-маусым күні жұмыссыз жастары көп өңірлердің ішінде үшінші орында Қарағанды деп жазған.Әрине, одан бері жарты жыл өтті. Жалпы, облыстың «жастар жылына» жақсы дайындықпен келгендігін атап өтпесе болмас. Өйткені, 2018 жылы жұмыссыздар саны 7 пайызға қысқарған-ды. Былтырғы жылдың орта шеңінде 1 млн. 380 мың 538 халқы бар (wikipedia мәліметі бойынша) Қарағанды облысында 7300 жас жұмыссыз еді. Бүгінде ол 300-ге қысқарыпты.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялап, жастар мәселесіне аса нараз аударуды табыстады. «Жас алаш» сайты тілшісі осыған орай Қарағанды облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мирас ҚҰТТЫБАЙМЕН тілдесті.Биылғы жылы аталған басқармаға  ауқымды қаражат бөлінген. Оның 140 млн. теңгесі «Жастар жылында »өтетін іс — шараларға бөлінген. Ал, 52 млн. теңге  «Жасыл елде» қызмет ететін жастарға жалақы болмақ. Жастар арасында ең өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық екенін Мирас  Жанатбекұлы түртіп өтті.«Бүгінгі таңда қайта оқуға жастар тарапынан 300 адам келді. Соның 67 –сі қайта оқитын болады. Және олардың шәкірт ақысы 17 000 теңге көлемінде төленеді. Сондықтан да біз жастардың ойын сергітіп, осындай нақты жұмыстар жасайтын боламыз. Қазір жастардың арасына жұмыс істегісі келмейтін 10 000 адам. Осылардың ішінде үйде бала бағыумен айналысып отырған әйелдер бар. Осыған байланысты «Атаменкен» кәсіпкерлер палатасы жанында «іскер әйелдер» қауымдастығы бар. Солармен бірлесе отырып, мемарандумға қол қойғанбыз.  Ақпан айынан бастап каворкинг орталығында осы жас аналарымызды бизнеске баулиды. Үш жыл демалыста отырғандарға іспен айналысуға көмек береміз»Биылғы жылы жұмыссыздар санатында тұрған тек 300 адам өтініш білдірген. Оның төртеуі ғана жұмыспен қамтылған деген статистиканы басқарма басшысы ашық айтты.«4 адам жұмыспен қамтылды, 29 жастарымыз жолдама алды. Қазіргі таңда 7000 жас жұмыссыз жүр. Енді кеше ғана елбасымыз айтты еріктілер жұмысын күшейтуіміз керек. Ол өте бір дұрыс шаруа. Қазір Қарағанды облысы бойынша 70 еріктілер ортасы болса, онда 1500 еріктілер жұмыс жасайды.  Олардың шәкірт ақысын 30 пайыз өсірсе, олда игі жұмыс.»- дейді Мирас Құттыбай.Дегенімен, облысымызда жастардың жұмыссыздықтан бөлек, жас отбасылардың баспана проблемасы да бар.Фото: azattyq.org
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39