Жастар жылы сенат жасара ма?

30.12.2018, 01:38

12

2018 жылдың қазан айындағы жолдауында  мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ алдағы жылды жастар жылы деп жариялады.«Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек»,  - деген еді президент.Міне екі күннен кейін 2019-шы жастар жылы күнтізбеге кіргелі тұр. Ел ішінде парламенттің жоғарғы палатасы сенат «қарттар үйі» аталып кеткен. Енді жастар жылы сол ақсақалдар жасара ма? Әрине, 2017 жылы жергілікті мәслихат депутаттары сенаторларды сайлап тастады. Енді қайтпек керек? Жастар жылын келесі сайлауға дейін соза тұруға бола ма екен?2013 жылдан бері сенаттың тқрағасы болып келе жатқан Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ жастар жылы алпыс алтыға келеді. Орынбасары Бектас БЕКНАЗАРОВ 63 жасқа толса, тағы бір орынбасары Сергей ГРОМОВ доңыз жылы мерейлі алпыс жасқа толады.Биыл комсомолардың тойының төрінен табылған Бірғаным ӘЙТІМОВА ханым амандық болса 66 жасқа келеді екен. Ғарышты бағындырған ғарышкер-сенатор Талғат МҰСАБАЕВТЫ жетпіске жетіп қалды. Ресей Федерациясының батыры 2019 жылдың басында дәлірек айтсаң 7-қаңтарда 68-ге келеді. Әркім жаңа жылдан бір жақсылық күтеді. Бірақ біздің сенат тіптен шау тарта бермек.  Владимир ВОЛКОВ 63, Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ құрдасы Григорий КИМ екеуі 66-ға келсе, Дулат ҚҰСДӘУЛЕТОВ 67 толады. Рашид ТҮСІПБЕКОВ 64 жасын тойласа, Дәурен ӘДІЛБЕКОВ 63 жасын тойлайды. Рашит ӘКІМОВ 65-тің төріне шығады.Фото: sputniknews.kz  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39