Жастар жылы жасөспірімдердің қылмысымен басталды

28.01.2019, 18:03

75

Екі сөзінің бірінде президентке алғыс айтып, әр демінің арасында дүрілдете шапалақ соғумен басталған «Жастар жылын» жасөспірімдер басқалай түсінген сыңайлы. Жыл бастала салып Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе облысының оқушылары бұзақылық жасап, оны видеоға түсіріп, бір-біріне эстафета жолдап жатқандай әсер қалдырады. Осыған орай ІІМ кәмелектке толмағандар ісіне қатысты жедел комиссия құрып жатыр. Бұл туралы министрліктің ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас СӘДУБАЕВ айтты.Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, ведомство хабарында бұзақылық жасағаны үшін жасөспірімдердің үстінен 14-жасқа толған жағдайда қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Және қылмыстың өз қатарластарына қатысты жасалуы да ескеріледі. Демек, соңғы бірер күнде біз куә болған жағдайлардың барлығы осы бір қылмыстық іс қозғауға толықтай сай келетін оқиғалар.«Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында ата-аналар мен мұғалімдерді балаларға қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жеткенін ескертіп отыруға және ойланбай істген ісінің зардаптары жайлы айтуға шақырамыз. Мектеп жасында ағат басқан бір қадамның өзі жазаға ұшыратып, жасөспірімнің алдағы өміріне балта шабуы мүмкін, — дейді Сәдубаев.Ол сондай-ақ ІІМ Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында болған жағдайларды талқылау және ұйымдастырушылық-практикалық шаралардың жобасын әзірлеу туралы Білім және ғылым министрлігіне Ведомствоаралық комиссия отырысын өткізу туралы ұсыныс айтылғанын атап өтті. Жиында кәмелетке толмағандар ісі мен олардың құқығын қорғаук мәселелері жан-жақты сөз болмақ.Соңғы бірнеше күннің ішінде әлеуметтік желіде төменгі сыныптың оқушыларын ұрып-соғып, қорлап жатқан Түркістан облысының оқушылары; әлдебір оқушыны жабыла ұрып жатқан Қызылорда облысының оқушылары; 11 жастағы баланы орын босата қоймадың деп ұрып тастаған Қарағандының оқушылары түсіп қалған бірнеше видеоролик тараған. Ал, Ақтөбе оқушылары былтырдан бері жаппай төбелеспен көзге түсіп жүр.Айта кету керек, Жастар жылында мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін жастардың жас санаты да 14-тен басталады...Фото: kompravda.eu
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 13:22
Ахметовтің есебі бір басқа, елдің білетіні бір басқа
Сайт әкімшілігі 01.03.2021, 16:47
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Сайт әкімшілігі 01.03.2021, 12:26
Нұр-Сұлтанда жалақы өсіруді талап еткен жүзден астам краншы жұмысын тоқтатты
Сайт әкімшілігі 01.03.2021, 11:52
Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 01.03.2021, 11:08
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды
Сайт әкімшілігі 01.03.2021, 09:45
Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Аңдатпа


  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41