Жастарды қолдау маңызды

Бифат ЕЛТАЕВА

24.05.2022, 12:05

617

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев жолдауларында жастарға қатысты мәселелерді талқылап келеді. Соған сай «Жас Отан» жастар саясаты, Қазақстан жастар ұйымдары, Жастар қоғамдық бірлестіктері ашылып, жастар тарапынан көптеген жұмыстар атқарылды.

 Жастарға арналған бағдарлама әрқашан керек-ақ. Себебі, оң-солын енді ғана танып келе жатқан жасөспірімдердің өзге ағымға кіріп кетпей, не болмаса уақыттарын бос өткізіп алуы өзі үшін де, қоғам үшін де қауіпті. Осыған орай, «Ақпарат» пікірталас орталығы «Қазіргі Қазақстан жастарының алдағы мақсаты қандай?», «Дін және жастар», «Қазақстан – 2050» бағдарламасына жастардың қосар үлесі қаншалықты?» деген сауалдарға орай арнайы пікірталас алаңдарын ұйымдастырып отырады. Ондағы басты мақсат – жастардың саясатқа, елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайына қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеті мен шешен сөйлеуге дағдыландыру болып табылады. Сондай-ақ «Ақпарат» секілді өзге де пікірталас алаңдары мен ұйымдар жастардың жан-жақты дамуына, әлеуметтік мәртебесі мен саяси құқықтық және рухани мәдениетін арттырып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге, насихаттауға тәрбиелейді. Одан бөлек, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына өз үлесін қосуға үйретеді.

Ал елдегі жастар саясатына жасалынып жатқан жалпы жұмыстарға келсек, жастар саясатына жаңа құрам бекітіліп, арнайы жоспарлар қабылданған болатын. Одан бөлек, жастарға арналған Қазақстан жастар корпусын дамыту жобасы ашылды. Онда осал жастарды дамытып, қолдау көрсету жобаның басты мақсаты болып саналады. Жобаға сәйкес арнайы дөңгелек үстелдер де жүргізілді. Сондай-ақ жоба бойынша, жастар саясаты саласындағы заңнамалар, қаржы ағындарын зерттеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы сауалнамалар өткізілген болатын.

Сондай-ақ ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жастарға қатысты келесі мәселе – жұмыспен қамту. Бұл, әсіресе өңірлерде аса өзекті. Біз жұмыссыз жастарға жол сілтеп, бағыт-бағдар беруіміз керек. Олардың тұрақты кәсіп табуына көмектесуіміз қажет. Қазір жұмыспен қамтуға бағытталған бірнеше бағдарлама бар. Бірақ жастардың көбі сол шаралар туралы білмейді. Мемлекет ұсынып отырған түрлі қолдау жұмыстарынан хабарсыз. Бұл мәселе тек жалаң үгіт-насихатпен шешілмейді. Үкімет пен әкімдер жастарды жұмыспен қамту мәселесімен арнайы айналысып, күнделікті назарда ұстауы қажет» деген болатын. Соған орай, «жұмыспен қамту» бағдарламасы іске қосылып, университеттерде әр мекеме болашақ мамандарға жұмыстарымен, мекемелермен таныстыруға қатысты жұмыс жәрмеңкелерін бастап кеткен болатын. Бұл да жастар үшін кішкене болсын мүмкіндік. Жастарды қолдауға қатысты жұмыстар әлі де жалғасын таба береді деп сенеміз.

Тегтер: жастар саясаты кадр маман

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлия ТАУКЕНОВА 24.06.2022, 12:50
Мерғалиға ауылдың бір көшесін неге қимадық?
М.СӘУЛЕБЕК 23.06.2022, 16:40
Түркістан медицинасы үздіктердің қатарында аталды
М.СӘУЛЕБЕК 22.06.2022, 16:50
Мегаполис атанған Шымқалада не өзгерді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.06.2022, 11:00
Флораға жұтаң Қарағанды шөлейттегі шаhар ма?
М.ЖӘНІБЕКҰЛЫ 22.06.2022, 08:36
Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 21.06.2022, 11:40
«Билайн» балаларды неге соттайды?

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33