13.09.2020, 03:47
412
Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері қараусыз жайылып жүрген малдардың иелеріне әкімшілік хаттамалар толтыруда,
Есіл аудандық полиция басқармасының табиғатты қорғау полицейлері Ильинка – Қосшы айналма жолына жақын жерден жасыл желек арасында қараусыз жайылып жүрген ауылшаруашылық малдарын анықтаған. Жүргізілген іс-шара барысында ірі қараның иелері анықталып, оларға әкімшілік сипаттағы жаза қолданылды. «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы (Ауылшаруашылық малын жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен бірге, мал иелерімен мәслихат шешімімен бекітілген астана аумағында жануарларды ұстау ережесін сақтау қажеттігі бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді», — деді қалалық Полиция департаментінен.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР