Жат ағымның жетегінде кеткендерді қалай құтқарамыз?

Айжан БҮРКІТБАЕВА

30.12.2020, 15:15

1448

ҰҚК терроризмге қарсы орталық басқармасының ресми дерегіне сәйкес, елімізде 20 мыңнан астам қазақстандық деструктивті бағыттарды ұстанады. Оның дені жастар екенін көрсетеді. Ал жат ағымның желіккендердің 800-ге жуығы елден қашып, ажал құшқан екен. Жалпы, діни адасушылықтың көбеюінің себебі қандай? Жастардың жат ағымдардың жетегінде кетуіне не түрткі? Анықтап көрдік.

Статистиканы сөйлетсек, 2000 жылдардан бері әлемде 72 мыңнан аса теракт орын алып, салдарынан 170 мыңдай адам қаза тапқан. Ал Қазақстан азаматтары Ауғанстанға «Әл-Каида» құрамына кіру алғаш рет 2008 жылы шекара асқан. 2013 жылы діни, радикалды идеологоиямен елден кеткендердің көбі Сирак пен Иракқа бағытталған екен.

Бұл туралы психолог Аймекен Сарықұлова діни адасушылықтың себебін балалық шақтан іздеу керек екенін айтады:

«Менің тәжірибемде Сириядан оралған, діни эктремизм үшін сотталғандармен жеке жұмыс жүргізу істері болған. Олардың санасы қауіпті идеологиямен уланған. 

Діни адасушылардың бұл жолға түсуінің себептері көп. Біріншіден, өмір қиыншылығын көп көргендіктен жолдан таюы мүмкін. Екіншіден, психологиялық ауытқушылықтан туындауы ықтимал. Ал үшіншіден, бұл – балалық шақтан өшпей қалып қойған жан жарақытынан орын алуы мүмкін. Яғни, ата-анасының ажырасуы, отбасындағы ұрыс-керістің көбеюі, қаржылық қиындықтар баланы қатыгез қылып тәрбиелейді. Соның салдарынан адам өлтіру, терраристік қылмыстарға келгенде оларда қорқыныш орнамайды. Және елімізде қыз балалар да жат ағымның жетегіне жиі еріп жатыр. Олар көбіне отбасында ата-анадан жылу көрмей, сырттан сүйіспеншілік іздеп тұрады. Сол себептен, әлеуметтік желіде танысқан жігітіне тұрмысқа шығамын үйінен қашып, ол кейін «талақ айтып» қыз баланы қорлау фактілері жиілеп барады.

Дін жолынан адасқандарды толығымен қалпына келтіру мүмкін емес жағдай. Алайда, діни, психологиялық, сауаттылықты қайта қалыптастыруға болады», – дейді психолог.

Ал исламтанушы Мақсұт Сапарғалидің айтуынша, жат ағымға жегілетіндердің көбі ­– діни сауаты төмен адамдар дейді:

«Жат ағымдардың өкілдері әлеуметтік желіне қару ретінде пайдаланады. Олардың құрамына тәкбіршілік, хизбутшылық, құраншылдық, уахабшылдық, салафизм сынды неше түрлі діни бағыттарды жатқызуға болады. Бұл бағыттарға белгілі емес ұстаздардың уағызын тыңдаушылар жиі ұрынады. Бұл да діни сауатсыздықтың бір көрінісі. Арандатушылыққа ұрынатындардың көбі ғаламтордағы белгісіз, тексеруден өтпеген сайттардан ақпарат алып, соған сеніп қалып жатады. Сондықтан, Дарын Мүбаров, Дидар Оспанов, Ринат абу Мухаммад, ағайынды Зейнуллиндер, Абдуррахим Башпаев, Данияр абу Ахмад сында уағызшыларды мүлде тыңдамаған дұрыс. Себебі, олар Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ұстаздары емес. Қай кезде де тексерілген нәрсе тұтынған дұрыс»,  – дейді исламтанушы.

Тегтер: дін діни ағым уағыз насихат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:25
Коронавирус жұқтырған 569 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 09:14
Оқығанмен жағдай жасалмайды. Ауыл шаруашылығы мамандығын игергендер жұмыссыз қалып жатыр
Сайт әкімшілігі 08:58
Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды
Жандай ӨЗДЕНБАЕВ 09.04.2021, 09:20
Қазақтың қанындағы білім мен ғылымға өшпенділік
Сайт әкімшілігі 08.04.2021, 17:25
Жыл басынан бері Nur Otan-ға 43 мыңнан астам өтініш түсті
Еркежан АРЫН 07.04.2021, 16:15
Әскери білім - халықаралық ынтымақтастықтағы маңызды басымдық

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19