Жатаған үйде жан сақтау қиын

30.06.2020, 07:11

122

  Қарағанды қаласыәкімінің назарына!


Қарағандының орталығында зейнеткер әйел мен мүгедек бауыры өлместің күнін кешуде


Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз.  Алайда мына жағдайды көріп, жатаған үйдетұратын  қазақтың  жүдеу тұрмысын бейнелейтін Бейімбет Майлин  шығармаларындағы  ХІХ ғасыр көріністері қаз-қалпында  көз алдымызға келді. Шаңырағы қақырапортасына түсуге шақ қалған, едендері жалаңаштанған, терезе  шыныларының күл-паршасы шыққалы тұрған  баспанада тұратын  жандарды көргенде аза бойымыз қаза болды.  Қала орталығындағы  «Михайловка» ықшамауданы Қазақстан көшесіндегі№75 үйді зейнеткер мен оның мүгедек бауыры қалқан қылуда. Тағдыр тауқыметінтартып отырған жандар мемлекетке иек артып, масыл болғысы келмейді. Заңжүзінде  құқықтарын алға тартып, пәтерсұрап кіріптарлық  көрсетпеген.

–      Тозығыжетіп, тоқырап тұрған үйіміз 1948 жылы салынған. Осы үйде тұрып жатқаныма 15жыл болды. Ол кезде қолда бар қаражатым осындай күйдегі баспана алуға жетті. Өздеріңізкөріп тұрсыздар, мекенжайымыздың үй деген аты болмаса, кетеуі кеткен сарайданеш кем емес. Қабырғалары опырылып түсіп жатыр. Терезе жақтауынан күзде суықазынап соғады. Қыста жақтауда  қатпарланғанмұз  қатып тұрады. Үй ішіндегі қолқанықабатын көктің  қолаңса иісінен арыла алмайкелеміз. Жаз шықты, шұрық-тесік шатырдан ағатын жаңбыр  суы діңкелетіп тұр. Даурыққанда қайда барып бас сауғаларымызды білмей дал боламыз, – дейдіЗоя Әлиева.

     Қазығықағылғанына 72 жыл болған баспананы жөндеуге  тұрғындардың қауқары жетпейді. ЗояАлпысбайқызының жасы қазір 66-да. Өзінен бес  жас кіші інісі Аликтің денсаулығы әлсіз. «Онекі мүшеміз сау, бойымыздан күш-қуат сарқылмаса мұндай кіріптар күйге түспеседік», – деп жанарына жас алды.

–      Інім отбасымен ажырасқан соң,  менің қолыма келді. Ол шахтада кенші болыпеңбек етті. Жұмыс барысында   өндірістік жарақат алып, 2-топтағы мүгедектіккешықты. Екеуміздің зейнетақымыз 120 мың теңгеге жуық. Қаражаттың жартысынан көбін  дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсаймын. Қалғанақшаны там-тұмдап  нан мен шай, қантқажеткізуге тырысамын. Еттің дәмін татпағалы он жылдың жүзі болды. Өзегімізталмаса дейміз.

«Өкімет  өлтірмейді» деген кеңес кезіндегі қасаңқағиданы көңілге тоқып өскен  ЗояАлпысбайқызы былтыр үйін жөндеуге қаржы қажеттігін айтып, Қарағанды қалалықәкімдігінен және қалалық мәслихат депутаты Исаевтан көмек сұрап, хат жазған. Ресмиөкілдіктен арнайы комиссия барып, үй жағдайымен танысады. «Комиссия шешіміненкейін бюджеттен қаражат бөлуді қарастырамыз» деген тілдей қағазға жазылғанжауап келген. Мәселе осы күнге дейін сөзбұйдаға салынып келеді. Жергілікті шенділерден үмітін үзген Зоя апай  шаһардағы шағын несие беру ұйымының біріненнесие алуды жөн көреді.

–      «Іңкәр»ұйымынан 43 мың теңге несие алдым. Шарт бойынша қаражат  маған үш айға берілді. Ондағы ойым өзгесінқоя тұрып, әуелі  үйдің шатырын жеңіл-желпіжөндеу еді. Бақсам, базар нарқы аспандап кетіпті. Жарытымсыз ақшаның жұғымыауыз шаюға да жетпейтінін  сезген соң, әйнектісырлайтын бояу мен аз мөлшерде балшық жасауға қажетті жабдық алдым. Несиеніқайтарудың уақыты келгенде тығырыққа тірелдім. Ақыры тәуекелге бел буып, әлгіқаржылық ұйымның басшыларына барып жағдайымды айттым. Ақжүрек жандар екен, қарызымдыбүтіндей жауып берді. Мұндағы қайырымды қызметкерлер маған волонтерлердіңкөмегіне жүгінуді ұсынды.

     Ізінше «Ринна.кз»волонтерлік қозғалысының жетекшісі Ирина Борзаковскаяға хабарластық. ИринаСергейқызының мәлімдеуінше, көмекке мұқтаж Әлиевтерге қол ұшын созуға бейілдіктанытқан жандар әзірге аз,  хабарламаберілген екі күннің ішінде  есепшотқа 12 мың теңге түскенін жеткізді. Пандемия салдары қайырымдылық шарағабөгет жасап тұрғанын жоққа шығаруға болмайды. Бұдан бұрын аталған волонтерлікұйым  қарағандылық зейнеткерИвачовтар  отбасының құлауға шақ тұрған баспанасынкүрделі жөндеуден өткізуге   3 млн теңгежинап берген-ді.

Бүгінде еліміздегіеріктілер  қозғалысы халықтың шынайысеніміне кірген. Қазір  қараусыз қалғанмүгедектер мен  халықтың ескерусіз  тобының мүддесі мен құқығы құзырлы мекемелертарапынан іс жүзінде қорғалмайды. Онсыз да жаны жаралы  жандар бұған қашанға дейін шыдамақ?


 АйтбалаСҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Қарағанды қаласы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:20
ҰҚК есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағым жақтастарын ұстады
Сайт әкімшілігі 09:56
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Бифат ЕЛТАЕВА 09:28
Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
Сайт әкімшілігі 26.01.2021, 14:20
Қазақстан "қызыл" аймаққа енді
Сайт әкімшілігі 26.01.2021, 13:42
Тоқаев Цойға вакцинаға қатысты тапсырма берді
Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 12:31
"Спутник V"-ны қандай жағдайда сақтықпен қолдану керектігі айтылды

Аңдатпа


  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23
  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10