Жауын-шашын мөлшері 20 жылдық рекордты жаңартты

Сайт әкімшілігі

08.09.2020, 13:00

130

Тамыз айында Қазақстанда жауын-шашын бойынша бірнеше рекорд орнатылды. Бұл туралы "Қазгидромет" өкілдері айтты хабарлап отыр. 

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның солтүстік-батысында, батысында және оңтүстігінде жауын-шашын нормасынан бір-төрт есе көп түскен. Мысалы, 6 тамызға қараған түні Маңғыстау облысының Ақтау метеостанциясына 66 миллиметр түсіп, айлық нормадан 11 есе асып түсті (бір айдағы норма — алты миллиметр). Бұл рекордтық көрсеткіш болды.

Сондай-ақ, "Қазгидромет" мәліметінше, Қызылорда облысы Шиелі метеостанциясында 1 тамызда айлық норма екі миллиметр болған кезде 17 миллиметр түсіп, яғни сегіз айлық норма түскен, бұл станция үшін рекорд болды.

«26 тамызда Түркістан облысының Қазығұрт метеостанциясында 15 миллиметр жауын жауған. Мұндай жағдайлар аз, шамамен 20 жыл бұрын 2001 жылы осы метеостанцияда 14 миллиметр тіркелді», — дейді синоптиктер.

Тегтер: ауа-рауы болжам жауын-шашын рекорд мәлімет дерек дәйек

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 13:50
Қазақстанға құс тұмауын жабайы құстар әкелген болуы мүмкін
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 11:16
Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 09:34
Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43